Қызылорда облысының тұрғыны баласына Нұрпрезидент деп ат қойды

Қызылорда облысында ата-ана баласына ерекше ат қойды. Осы жылдың 29 наурызында облыстық перинаталдық орталықта Нұрпрезидент дүниеге келді.

Қазір сәби Шиеліде 26 жастаға ата-анасымен бірге тұрып жатыр.

"Біз ата-аналардың қатысуынсыз тіркеу жүргіземіз. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электронды үкімет порталы арқылы туған баланы тіркеуге өтініш береді", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі.

Перинаталдық орталықта күніне 60-70 бала дүниеге келеді. Өңірде балаларға көбінесе мұсылманша аттар қойылады, деп хабарлады тіркеу бөлімі.

"Облыста Нұрсұлтан Назарбаевтың аттастары бар. 2015-2017 жылдары Нұрсұлтан деген есім жиі қойылды", — деп толықтырды мамандар.

Өткен жылдың қарашасында елордада жаңа туған балаға ЭКСПО-ның құрметіне Бәйдiбэкспо деген ат қойылды.