"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазыбек ИСА: ҚАЗАҚ БОЛСАҢ, ҚОЛЫҢА АЛ ДОМБЫРАНЫ!

ДОМБЫРА

Әлем сыйған домбыра шанағына,
Тоғыз перне – толған сыр саналыға.
Қос ішектей қосыла шырқайықшы,
Теңіздей бір тербелсін
Дала мына!

Бар өмірің байланған ән-күйіңе,
Қарсы алады үн қосып әлдиіңе.
Білген кезде дүниенің жалғандығын,
Шығарып сап тұрады Мәңгі үйіңе…

Оны ойласаң көңілге сыз артады.
Домбыра шерт, қаның да қызар тағы.
Өлең дана кеңейтіп өрісіңді,
Өнер ғана өмірді ұзартады

Қанат қақса қияға домбыра үні,
Жүрегіне Қазақтың жол қылады.
Күміс күмбір кеудеге қондырады.
Қанымызды тулатар қасиет бар –
Мәңгілікке сақтайық мол мұраны!
ҚАЗАҚ БОЛСАҢ, ҚОЛЫҢА АЛ ДОМБЫРАНЫ!

Қазыбек ИСА,

qazaquni.kz

(Суреттер Қазақпарат порталынан алынды)




Осыған ұқсас:

  1. Қазыбек Иса. Қайда кеттің, қайран менің жастығым?
  2. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАРЛЫҒАШЫ
  3. ҰЛТТЫҚ НАМЫС ПЕН САНАНЫ ШЫҢДАР БАСЫЛЫМ
  4. «ҚАЗАҚ ҮНІ» – БАР ҚАЗАҚ ҮНІ!
  5. ДУЛАТ ИСАБЕКОВ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)
  6. Жұбаныш Жексенұлы: Қазір ӘНШІСЫМАҚТАР мен САЯЗ САТИРИКТЕРДІҢ ЗАМАНЫ

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. gulmira 2 Шілде, 2018, 12:25

    Əрбір қазақтың төрінен ғана емес қолынан табылса екен домбыра!

  2. gulmira 2 Шілде, 2018, 12:26

    Домбыра күні туылған сəбилерге бір бір домбырадан сыйға тартылыпты.Керемет тарту.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.