Біз плей-оффқа лайықты ойын көрсете алмадық – Германия құрамасының бас бапкері

1082

Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев өзінің командасының чемпионаттан шығып қалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inform.kz.

«Дәл қазір біздің турнирден неліктен тыс қалғанымызды түсіндіру қиынның қиыны. Бұл жағдай оңай тиіп жатқан жоқ. Біз әлем чемпионатында ойын ойнауға лайықты емес болып шықтық. Біз тіпті 1/8 финалға да шыға алмадық. Біздің турнирден шығып қалған себебіміз – жеңіске деген ынта-жігеріміздің жоқтығынан емес, командада әсіресе екінші таймда алға шығудың нақты мүмкіндігі болмады. Команда әдетте көрсетіп жүрген жеңіл ойынын осы жолы көрсете алмады. Гол соғатын мүмкіндіктерді тудыратын қарқын болмады. Сондықтан біз осы жағдайға лайықтымыз»,-деді Лев.

Осы жолғы жеңіліс команданың жүйелі дағдарысқа ұшырағандығын білдіреді ма, деген сауалмен ол келіспейтінін айтты.

«Меніңше бұл қате пікір. Осыған дейін біз 10-12 жыл бойы жарыстарда өнер көрсету тұрғысынан алғанда ең тұрақты команда болып келдік. Біз алғашқы төртікке табан тіреп келген болатынбыз. Қазір бізде ондай қарқын жоқ. Әрине, бұл қабырғаны қайыстырар өкініш. Алайда бізде ерекше талантты жастар бар. Кейбірінің әлеуеті бүгінгіден де үлкен біиктерді бағындыруға жетеді. Мұндай жағдайды бізден өзге мемлекеттер де бастан өткерген. Бізге енді тек бүгінгіден дұрыс қорытынды шығарып, әлсіз тұстарымызды жетілдіру қажет»,-деді Йоахим Лев.

Айта кетейік, 2018 жылғы Әлем чемпионатының үшінші кезеңіндегі матчта Оңтүстік Корея өкілдеріне жол берген Германия тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатының тобынан шыға алмай қалды.