Назарбаевтың билікке келгеніне 29 жыл толды

1989 жылы 22 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР компартиясының бірінші хатшысы болып тағайындалды, - деп жазды azattyq.org.

1990 жылы 24 сәуірде Қазақ ССР-інде алғаш рет президент қызметі енгізілді. Жоғары Кеңес бұл қызметке сол кезде республика компартиясын басқарған Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

1999 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында совет кезінен бері билік басында отырған Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Содан бері ол осы қызметке бірнеше мәрте сайланды

Таяуда 78-ге толатын Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1989 жылдан бері 29 жыл бойы басқарып келеді.