Мұрат Бақтиярұлы: Бастауыш сыныптарда барлық пәндер тек ана тілінде оқытылу керек

24123
5
Бөлісу:

Әлемнің ең мықты 30 елінің бастауыш кластарында қанша тіл оқылатынын зерттеп қарасақ, екі тіл 1-ші класта 4 елде, 2-ші класта 5 елде, 4-ші класта 12 елде ғана оқытылады.

Ал, әлемнің бірде-бір елінде үш тіл мүлдем оқытылмайды екен. Бастауыш кластарда барлық пәндер тек ана тілінде оқытылу керек екенін министрлікке үнемі айтып келеміз.

«Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қағидатты министрлік берік ұстанған сияқты. Таусылмайтын, аяғына дейін жетілмеген реформалардың жетегінде кетіп бара жатырмыз. Осының салдарын он, он бес жыл өткеннен кейін тартпасақ жарар еді.

Мұрат Бақтиярұлы,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. _nagyzqassaq_ 26 Маусым, 2018 00:38 Жауап

    7 сыныпқа дейін туған ана тілінде оқытып барып, шет тілде факультатив оқытуға болады.

  2. Karlygash 26 Маусым, 2018 12:09 Жауап

    бала 11-12 жасқа дейін өз ана тілінде білім алуы керек, ал Қазақстан жағдайында қазақтілді емес мектептерде мемлекттік тіл ретінде қазақ тілі мектеп бітіргенде қызмет көрсету саласында еңбек ете алатын дәрежеде қазақ тілін меңгеріп шығуы міндетті

  3. 77071039900 26 Маусым, 2018 12:11 Жауап

    Елбасы үш тілдік реформаны дереу тоқтату керек. Сағадиевті орнынан босату тиіс.

  4. gulmira_1986 26 Маусым, 2018 16:46 Жауап

    Дұрыс айтасыз, бұл реформа шұғыл тоқтатылуы керек. Әйтпесе туған тілінің уызына жарымаған баланың болашағы қандай болады деп қалың ел алаңдап отыр…

  5. Даулет 1 Желтоқсан, 2019 13:15 Жауап

    Әлемнің дамыған елдерінің бірі Жапон мемлекетінде балалар 12 жасқа келгенше тек қана 4 нәрсе: жапон тілі, жапонның әдеп-ғұрыптары, жапон мәдениеті мен жапон тарихы ғана оқытылады екен. Ал біздегілер буыны қатпаған балаларға әрнәрсені бір тықпалауда. Медицина ғылымдарының докторы ғалым ағамыз: «Кез келген адамның бойында шизофрения ауруының 100 түрі бұғып жатады. Бұғанасы қатпаған жасөспірімнің организміне түскен салмақтан әлгі бұғып жатқан аурудың бір түрі шығып кетсе, ол ауруды орнына қайта тығу қиынның қиыны, тіптен мүмкін емес, сондықтан бұны зиянкестік деп атау керек»-дегенін өзім баспасөзден оқығаным бар.

Пікір немесе жауап жазу