Алдарыңнан ашылсын, Ақ жол дәйім!

Алдына биік мақсат қойған талапкердің бірі – Астанадағы 74 мектеп-гимназиясының түлегі Аяулым Смадиярова. – «Алтын белгі иегері» атанған қызымызды осынау қуанышымен құттықтай отырып, алдағы уақытта өзіңнің жүрек қалауымен таңдаған мамандығыңның иесі болсын», – дейді ата-анасы. Осы тұста Аяулым Мүтанқызының сынып жетекшісі Алтынай Мұқашеваның, мектеп директоры Жеңіскүл Нүсіпжанның еңбектері ерекше екендігін атап өткен ләзім.   Алматыдағы 175-ші «Жаңа ғасыр» мектеп-гимназиясының озат оқушыларының бірі, «Алтын белгі» иегері Ақбота Нұркенқызын да өміріндегі осынау маңызды сәтпен құттықтаймыз! Өзі армандаған жоғары оқу орнының студенті атанып, елінің ертеңі үшін аянбай еңбек етер мықты маман атануына тілекшіміз. Нұргелді Беделхан – №178 лицей бойынша «Алтын белгі иегері» атанған 58 оқушының бірі. Бүгінде ол Мәскеу энергетика университетінің грантын жеңіп алды. Келешекте еліміздің энергетика саласының дамуына өз үлесін қосуды көздеген талабы таудай түлекке сәттілік тілейміз. Өздері білім алған мектептің мақтаныштарына айналған талапкерлерге алдарыңнан ақ жол ашылып, болашақта да биік белестерді бағындыра беріңдер демекпіз. qazaquni.kz