АЛМАТЫ ІРГЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚ: 7 ЖЫЛ БОЙЫ СУСЫЗ ОТЫРМЫЗ!
2018 ж. 21 маусым
3044
0
Алматы іргесіндегі Междуреченск ауылының тұрғындары осылай деп шағымданды деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Жергілікті жұрт мәселені көтеріп, әкімдікке талай барған. Алайда, елді мекен басшысы күн сайын қырық сылтау айтып, шығарып салатын көрінеді.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.Алматы іргесіндегі Шабыт ықшам ауданында 500 үйге 1-ақ ұңғыма жұмыс істеп тұр. Қуаты кей үйге ғана су беруге жетеді. Қалған отбасы 7 жыл болды сусыз отыр.
«2013 жылы үй салып осы жерге көшіп келдім. Көшіп келгеннен бері бізде су жоқ. Мына жақтан тасимыз.Тасығанымен жаз айында түнгі 12, 1-ден кейін ағады.Очередте тұрғанымызда ол өшіп қалады. Мысалы кеше үш күн су болмайды насос бұзылды деді. Біз аламыз дегенше су тоқтап қалды. Судан қатты қиналамыз. Қыс бойы таксимен тасып іштік» - дейді Междуреченск ауылының тұрғыны Венера Ажмаханова.
Тұрғындар мәселенің шешімін сұрап, жергілікті билікке талай барған. Белгілі болғандай әркімге әр түрлі жауап беріліпті.
«Бұл жерге суға кезінде ақша бөлінген дейді.Оны жеп қойған дейді. Өздері ашық айтып отыр. Акимат айтты. Бұрынғы әкім жеп қойған дейді. Бұрынғы әкімді көреміз. Одан сұрасақ ол айтады, олар далбасалайды. Мен жеген жоқпын» - дейді Междуреченск ауылының тұрғыны Ақмарал.
Десе, енді біреуіне тек техника береміз, ал тіршілік нәрін өздерің тартып алыңдар деген көрінеді.
«Мен трактор ғана берем, сендер өздерің суды қаздырып алыңдар. Тракторге соляркасын өздерін құясыңдар, ақшасын өздерін төлейсіңдер. Бәрін өздерін төлейсіңдер деді. Біздің ондай төлейтін ақшамыз жоқ. Менің мысалы бес балам бар. Мен бас балама тамақ алып берем ба? Жоқ тракторға солярка ма?» - дейді Междуреченск ауылының тұрғыны Айнагүл Молдабаева.