"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Танымал ресейлік әнші қазақ миллиардерімен қалай жүргенін айтып салды (ВИДЕО)

Танымал ресейлік әнші Сати Казанова алғаш рет өзінің өткен махаббаты жайлы шындықты айтты. Ол қазақ миллиардеріне өлердей ғашық болғанын мойындап, тіпті бір кездері оған тоқал болуға дайын болғанын жеткізді. Ал аяққа енді тұрып келе жатқан кезде өзіне түрлі сыйлықтар жасап, тіпті Мәскеуден пәтер алып берген экс-сүйіктісіне Казанованың әлі де айтар алғысы шексіз.

Бұл туралы 365info.kz хабарлады.

Бұл туралы Сати НТВ арнасының “Секрет на миллион” бағдарламасында айтты.

Сати миллиардердің өзіне бағалы бұйымдар, көйлектер, сөмкелер, автокөліктер алып бергенін мойындады. Мәскеу орталығында орналасқан ауданы 125 шаршы метр болатын пәтерді әншіге қазақ сүйіктісі сыйға тартқан.

“Сүйіктім болған. Оның есімін атай алмаймын, себебі бұл менің ғана құпиям емес. Оның басы бос емес. Екеуміз үш жылға жуық кездесіп жүрдік. Ол өте жомарт жан еді, мен оны шексіз сүйдім. Ең қызығы, оны кездестіргенге дейін 6 ай бұрын “өте бақуатты азаматты кездестірсем” деп тілеген едім.

Ол шақта өзім енді ғана қарапайым қыздан көтеріліп, өз нәпақамды таба бастадым. Кең әрі әдемі пәтерді армандадым. Ондай үй мен автокөлікке қол жеткізу үшін әлі 100 жыл тер төгетінімді түсіндім. Сол кезде арманымдағы азаматты кездестірдім”, – дейді Сати.

Казанова сүйіктісімен гастрөл кезінде танысқан. Миллиардердің алдында ән салып, оны баурап алған әнші уақыт өте келе онымен кездесуді әдетке айналдырған. Тіпті, миллиардердің өзге мемлекетте тұруы олардың қарым-қатынасына кедергі бола алмапты.

“Алғашқыда айына бір рет кездесіп тұратынбыз. Кейін сиреп, 1,5 айда, 3 айда бір жолығатын болдық. Мен оның жанында нәзік гүл сияқты сезінетінмін. Айтқанын бұлжытпай орындайтынмын. Ол маған 1,5 жылдан кейін пәтер алып берді. Өте бақытты болдым. Оған алғысым шексіз.

Алғашқыда гаухар тасты бұйымдар сыйлайтын. Әрине, маған ұнайтын. Гаухар тас кімге ұнамасын? Кейіннен қымбат спорттық автокөлік алып берді. Сосын мен жақсы қыз ұқсап көлікті сатуға рұқсат сұрадым. Оның орнына қарапайым тұлпар алып, қалған ақшаны әке-шешеме бергім келетінін айттым.

Ол “өзің біл” деді. Ол ешқашан да “рақметің жоқ, алып берген заттарымды қайтар” деп айтатын азаматтардың қатарынан емес”, – дейді Сати.

Алайда Казанова сүйіктісін отбасынан айырғысы келмепті. Себебі Сати есімін атамауды жөн көрген азамат өз елінде беделді тұлғалардың бірі екен.

“Мен оны қатты жақсы көрдім. Оның жағдайын түсініп, бәріне құрметпен қарадым. Балалары бар. Оны отбасынан ажыратып алу ойыма кіріп-шыққан емес. Ол өзі менен басқа да әйелдермен де кездесіп жүрді.

Әйелімен ешқашан көріскен емеспін. Бірақ мен туралы білді деп ойлаймын. Себебі сонша ақшасы, қолында билігі бар еркектің сондай болатыны белгілі нәрсе”, – деп ағынан жарылды Сати Казанова.

Ресей әншісі сүйіктісінің өзінен басқа да әйелдермен кездесіп жүргенін білген. Оған қалыпты жағдай деп қараған. Алайда бақталастарының бірі миллиардерге бала тауып бергенін білгенде онымен ат құйрығын үзіскен.




Осыған ұқсас:

  1. «Жақсы интрига болды»: Айгүл Орынбек көкпаршылардың ватсаптағы аудиожазбасын жариялады
  2. Екібастұзда аурухана медбикесі басшыларының науқастарға мерзімі өткен дәрілерді беріп келгенін жайып салды
  3. Қорғаста қазақстандық шекарашы оңбай соққыға жығылған (ВИДЕО)
  4. Түркия азаматы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін сабап тастады (ВИДЕО)
  5. Танымал заңгер қауіпсіздік комитетінен өзіне қоқан-лоққы көрсеткен Талғат Рысқұлбековті жазалауын сұрады (АУДИО)
  6. Димаш Құдайберген неліктен қытай қызымен сүйіскенін түсіндірді (ВИДЕО)

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Көгжал 21 Маусым, 2018, 13:43

    Халықтың қаржысын өзге елдің қатынына шашқаны қалай? Оңбаған.

  2. Көгжал 21 Маусым, 2018, 13:44

    Жалпы біздің ел қызық. Ашық жемқорды көріп отыр. былқ етпейді. Назарбаев мырза бұны көтеріп еді, істегені мынау.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.