"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Президент ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН құру туралы Жарлыққа қол қойды (видео)

Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның атында жаңа облыс ашылып, Түркістан қаласы Түркістан  облысының орталығы болды!

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  qazaquni.kz   ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты.

«Қазақстан Республикасы әкімшілік-территориялық құрылымы туралы» заңның 3-бабы 1-тармақшасына сәйкес бүгін мен қол қойып отырған Жарлық Шымкенттің республикалық мәртебесін бекітеді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздің 17-аймағы болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегі болып келген Түркістан қаласы болады», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа құрылған Түркістан облысы жаңа әкімшілік міндеттерді сапалы іске асыруға қажетті мүмкіндіктердің барлығына ие екенін айтты.

Президент сонымен қатар, жаңа шешімнің тарихи маңызына да тоқталды.

«Шымкент инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды біздің елге ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына тартатын жаңа орталық болады. Бұған қажет барлық шарттар мен әлеует бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Шымкенттің республикалық мәртебе иеленуі оның әрі қарай дамуына жағдай жасап, қалаға жаңа да айрықша мүмкіндіктер ашатынына сенімді екенін айтты.

«Бұл қадам қаланың қалыпты әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына тұрақты серпін беріп, бүкіл аймақ тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға жағдай жасайды», – деді Президент.

Қол қою рәсімі соңында Мемлекет басшысы Президент әкімшілігіне, Үкіметке және облыс әкімдігіне Жарлықты сапалы әрі жедел іске асыру және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмкалар берді.

Сүйінші, Қазақ Елі!  Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның атында жаңа облыс ашылып, Түркістан қаласы Түркістан  облысының орталығы болды! Осыдан 22 жыл бұрын Түркістанға келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Түркістан болашақта облыс орталығы болады» деп айтқан еді. Енді  міне, Елбасы ел тілегін екі есе орындап, Түркістанның атында облыс та ашып берді! Мемлекет басшысының бұл өлкенің тарихи атауын қайтаруы әділ шешім болды.

Түркістанның түлеуі – Тұран рухының жаңғырып, Туымыздың биік өрлей беруі деп білеміз!

Qazaquni.kz

 

 

 

 

 

   




Осыған ұқсас:

  1. Қызылқұм, айналайын, атамекен!
  2. Түркістан облысының Жетісай мен Мақтаарал аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды
  3. Тағы да Абай ауылында: 22 жастағы жігітті ауылдастары зорлап тастаған
  4. Түркістан облысында әкім журналистті сабап тастаған (ФОТО)
  5. Түркістан облысының орталығына жаңа әкім тағайындалды

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Кәусар Керім 19 Маусым, 2018, 18:54

    Сүйінші! Керемет жаңалық! Құтты болсын! Түркістанның облыс орталығы болуы -Қазақтың Рухани жаңғыруы!

  2. Өскен 19 Маусым, 2018, 21:06

    Түркістан қаласы-қазақтың осыншама кең жерін қорғап қалу жолында аянбай еңбектеніп, өмірден еткен небір текті тұқым ұрпақтары жатқан жер. Сол ата баба ұрпақтарының ұрпақтары да өсіп, өніп келе жатқан аймақ. Ал қазақ мұндай жерді беталды киелі санамайды. Небір жақсы мен жайсаңдарды өмірге алып келген жер. Алып да келе беретін жер.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.