Алматыда халықаралық «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтеді

23-24 маусым күндері "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде халықаралық «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтеді.

Аталған шараға Венгрияның, Монғолияның,Украинаның, Өзбекстанның, Башқұртстанның, Тывы мен Дағыстанның,Саха мен Алтай Республикасының, Қалмақия мен Бурятияның және басқаларының әскери дәстүрді сақтаушылары қатысады. Батырлар ата- бабаларымыздың көнеден сақталған әскери өнері мен шеберліктерін паш етеді.

Этнофестивалді ұйымдастырушылар ғасыр машинасы іспетті көрермендерге көшпелі дәуір өмірін көрсетеді.

«Егер қысқаша айтатын болсақ, «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі ұлттық мәдениетті насихаттаудың тиімді әдісі. Қонақтар, әсіресе шетелдіктер қазақтардың мәдениетіне,ұлтық дәстүрлерге,декоратвиті- қолданбалы өнерге,номадтардың бай жыраулық қасиеттеріне, көшпенділердің көне ғұрыптары мен тұрмысына, ұлттық атспорт ойындарының, ұлы даланың кеңдігіне терең бойлайды», - деп түсініктеме берді Алматы қаласының Мәдениет пен мұрағаттар басқармасы.

Алматылықтар мен қала қонақтары батырлардың жекпе- жегіне, аттың үстінде тұрып жерден тыйын алатын, қарсыласын ертоқымымен бірге суырып алатын шабандоздардың шеберлігі мен ептілігіне тәнті болады.

Бұлардан өзге, шараға келгендердің әрқайсысы өз мүмкіндігін саралап, түрлі сайыстарға,викториналарға қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болып, зергерлік бұйымдарды, ұлттық тағамдарды, шағын киіз үйлерді көре алады. Үздік ұлттық киімге арнайы жүлде қарастырылған. Кішкентай көрермендерді көңілді әрі танымдық шаралар күтіп тұр.

«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі ғасырлар қойнауын қайта жаңғыртады, ел тарихына деген сезімді күшейтеді, тарихи сауаттылықты арттырып, қазақстандықтарды патриотизмге баулиды. Көрсетілімдерді тамашалау - ежелгі қазақ "аттракционының" көрерменіне айналу, үйретілмеген тұлпарды бағындыру», - деді Басқармадағылар.

Фестиваль аясында этникалық музыканың әлемдік жұлдыздарының концерті, садақшылар турнирі, ұлттық қазақ күресі, бәйге, бүркітшілер мен аң аулайтын иттердің сайыстары ұйымдастырылады.

Шара 23-24 маусымда сағат 10:00 ден 19.00 –ге дейін Алатау ауданындағы «Боралдай сақ қорғандары» архиеологиялық паркінде өтеді, кіру тегін.

Фестиваль көрермендері үшін "Астана" алаңынан, Орталық стадионнан, "Алатау" дәстүрлі өнер театрынан,"Саяхат" автовокзалынан әр жарты сағат сайын арнайы автбустар жүретін болады.