Томирис Байсафаның анасы қызын соңғы рет құшақтаған суретін жариялап, елді жылатты

Танымал блогер Жанна Ахметова желідегі парақшасына Мәскеуде қайтыс болған қызын соңғы рет сүйіп қоштасқан суретін жариялады, - деп жазды sn.kz.

«Суретте қызымды қысқы демалыстан оқуына шығарып салып тұрмын. Томиді ең соңғы рет сүйген сәтім еді. Рамазан айы да бітті. Ораза айттарыңыз қабыл болсын», – деп қызын еске алды блогер.

Көпшілік әлі күнге қыздың анасынан тергеудің қалай жүріп жатқанын сұрайды.

«Мойымаңыз. Жүрегім езіліп кетті суреттеріңізді көріп. Ана үшін орны толмас қайғы ғой перзентінен айрылған», «Иманы жолдас болсын», «Тергеу әділ өтіп, іске кінәлілер жазасын алсын», – деп жазды олар.

Еске сала кетейік, ММХҚИ университетінің студенті, қазақстандық Томирис Байсафа 13 сәуір күні оқу орнының 4-қабатынан құлап кеткен болатын.

Куәгерлер алғашында марқұмды жанында тұрған дағыстандық жігіттің итеріп жібергенін көргенін айтқанымен, тергеу кезінде сөздерінен айнып кетті.