Отандық футболшы Абзал Бейсебеков 7 баланың анасына үй сыйлады

"Астана" футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абзал Бейсебеков маңғыстаулық көпбалалы отбасына үй сатып әперді. 7 баланы тәрбиелеп, тағы егіз сәбилердің туылуын күтіп отырған отбасы аса ауыр жағдайда күн кешіп келген болатын, - деп хабарлады sn.kz.

Қуатбай Бақтыбайұлы мен Айгүл Әбдіғаниқызы Жетібай кентінің тұрғындары. Олардың әлеуметтік жағдайлары аса төмен болғандықтан, 7 баланы киіндіріп-тамақтандыру аса қиынға соққан. Оның үстіне, олардың біреуі ауыр науқас екен.

Қасиетті Ораза айттың бірінші күні жаңа баспананың кілтін көпбалалы отбасыға "Харекет" қайырымдылық қорының өкілдері табыстап, қуаныштарымен бөлісті.

Абзал Бейсебеков 25 жаста. Ол Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Астана" футбол клубының қорғаушысы. Спорттағы жолын Алматының "Қайратында" бастаған.