"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Шымкент маңында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр

Желіде Түркістан – Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Роликтің 20-шы секундында талқаны шыққан ВАЗ 2114 (Lada) көлігін көруге болады. Соған қарағанда, жүргізуші асқан жылдамдықпен келе жатып, жол жиегіндегі қоршауды соққан, салдарынан қоршау көліктің капотынан артқы жүксалғышына дейін тесіп өткен. Өтіп бара жатқан көліктер тоқтап, көмек көрсете бастаған. Оқиға орнына полицейлер жеткен.

TVK телеарнасының мәліметінше, жол апаты 11 маусымда кешкі уақытта батыс Қытай – батыс Еуропа тасжолында, Шымкенттен 15 шақырым жерде болған.

«Түркістаннан Шымкенте бағыт алған ВАЗ 2114 көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, асқан жылдамдықпен жол қоршауына соғылған», – деп хабарлады телеарна.

Көлік салонында бес адам болған. Жүргізуші мен жолаушы қатты соққыдан оқиға орнында қаза тапқан. Қалған үш жолаушы ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Апаттың себебі мен оған кінәлі адам анықталып жатыр.




Осыған ұқсас:

  1. Шымкент әкімі тағайындалды
  2. Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру мәселесі талқыланды
  3. Шымкенттің 70 тұрғыны «Ақ жол» партиясының мүшесі атанды
  4. Мектеп директорының орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен
  5. Өз әйелін университетте пышақтап тастаған ер адам прокуратурада қызмет еткен
  6. Бүтін бір отбасын көлігімен қағып, адам өлтірген полицей жеңіл жазамен құтылып кетті


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.