"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Мөлдір Әуелбекова: «МЕН ҚАЗАҚША СҰХБАТ БЕРЕМІН!» деп, Ресей тілінде жауап беруден бас тартты (видео)

Мөлдір Әуелбекова  өзіне орысша сұрақ қойған журналиске қазақша жауап беріп, аузын жапты, – деп жазды sn.kz.

Видеода Мөлдір Әуелбекова сахна костюмімен бірнеше камера алдында сұхбат беріп тұрады. Кенет өзіне орысша сұрақ қойған журналиске әнші байыппен «Мен қазақша сұхбат беремін» деп жауап берді.

Көпшілік Әуелбекованы елін сүйетін, патриот деп риза болды.

«Жарайсың, Мөлдір. Елдің бәрі сен сияқты болса ғой», «Мөлдірдің осы қасиеті ұнайды. Алға! Журналистің аузына құм құйылған шығар», – деп жазды желі қолданушылары.




Осыған ұқсас:

  1. Сенат төрағасы: Бірінші сыныптан бастап әуелі ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ден қою керек
  2. Қазақ мектебінде орыс сыныбын ашу – Тәуелсіздіктің тағдырына балта шабу!
  3. Cағадиев басқаратын министрлік қазақ тіліне неге қарсы?
  4. ҚҰЛДЫҚ психология – ОРЫСШАҒА ОРЫСША ЖАУАП БЕРУ
  5. ОРЫС тілінде ҚҰЖАТ ТОЛТЫРУ мен ОРЫСША СӨЙЛЕУДІ талап ету – ЗАҢСЫЗДЫҚ!
  6. Үш тілділік – баланы интеллектуалды мүгедек етудің төте жолы


8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қайсар Иман 17 Маусым, 2018, 12:45

    Баян Алагозова сияқты қазақ тіліне алакөздер Мерерттей меруерт қарындасымыздың тырнағына да татымайды ғой…

  2. Қайсар Иман 17 Маусым, 2018, 12:46

    Баян Алагозова сияқты қазақ тіліне алакөздер Меруерттей меруерт қарындасымыздың тырнағына да татымайды ғой…

  3. Қайсар Иман 17 Маусым, 2018, 12:47

    Сондықтан да Меруерттің Баяндай орыскүңнен тез кетіп қалғаны дұрыс болған

  4. Қайсар Иман 17 Маусым, 2018, 12:55

    Баян Алагозова сияқты қазақ тіліне алакөздер Мөлдірдей мөлдір әуенді қарындасымыздың тырнағына да татымайды ғой… (жоғарыдағы пікірлерімде Мөлдірді меруерттей мөлдір болғасын Меруерт деп жаза беріппін ғой қайта-қайта)

  5. gulmira 17 Маусым, 2018, 16:59

    Жарайсың, Мөлдір! Қазақ тілінің осындай жанашырлары көп болса тіліміз шын мәніндегі азат тілге айналары анық.Қазақ тілінің өрісі кеңейе берсін!

  6. gulmira 17 Маусым, 2018, 17:00

    Бəріміз осылай іспен жанашыр болайық тілімізге.

  7. Қайсар Иман 17 Маусым, 2018, 21:27

    Мөлдірге де, басқа Мөлдір секілді нағыз қазақтарға да Орысша білу , орысша сөйлеу міндет емес, керісінше орысша білмеу – мақтаныш! Орысша білуді, сөйлеуді міндет, мақтаныш көретіндер – Құлдық санадағы Орысқұлдар! Өйткені, қожайын тілінде сөйлеуге құлдар құмар болады.

  8. Мұхаммеджан Тазабек 18 Маусым, 2018, 11:55

    Атаңа рахмет, айналайын, Мөлдіржан! Текті елдің қызы сендей-ақ болсын!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.