"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Елбасы жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленді

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Қазақ үні» порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 12 маусым № 699




Осыған ұқсас:

  1. Қазақтың музыкалық мәдениетінде домбыраның алар орны ерекше


8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Arystan Qazaq 14 Маусым, 2018, 12:55

    Керемет жаңалық! Елбасыға мың алғыс.

  2. Көгжал 14 Маусым, 2018, 15:28

    Жастарды домбыраға үйрету үшін, мектепке арнайы домбыра пәнін енгізу керек. Міндетті пән ретінде!

  3. Көгжал 14 Маусым, 2018, 15:28

    Мынау тамаша жаңалық екен. Жастарды тарихын тануға үгіттейтін жаңалық. Керемет.

  4. Көгжал 14 Маусым, 2018, 15:29

    Күй ойнайды домбыраның қанында! Кұй ойнасын жастарымның жанында.

  5. Көгжал 14 Маусым, 2018, 15:30

    Рухани жаңғыруды осындай тамаша әдістермен өткізуге міндеттіміз. Бұның әсері кез келген құжаттан көбірек.

  6. Көгжал 14 Маусым, 2018, 15:30

    Жасасын Елбасы. Жасасын қазақ жастары! жасасын қазақ өнері!

  7. gulmira 17 Маусым, 2018, 17:01

    Домбыра күні құтты болсын, қазақ елі.

  8. gulmira 17 Маусым, 2018, 17:03

    Домбыраны ұлықтау ұлтымымыздың үнін дәріптеу.Ұлттық аспабымыздың мерейі қашан да үстем болсын!!!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.