"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Министр Қытайдан не үшін $300 млн қарыз алғалы жатқанын айтты

Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 12 маусымда Қытай үкіметінің Қазақстанға беріп жатқан ұзақмерзімді қарызы елдің сыртқы қарызын ұлғайтпайды деп мәлімдеді.

«Бұл ұзақмерзімді несие. Қаржылық шарты әлі талқыланады. Алдын ала келісім бойынша екі пайызбен беріледі. Бұл өте арзан несие» деп мәлімдеген қаржы министрі. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, әңгіме 100 миллиард теңге (300 миллион доллар) қарыз жайында.

Сұлтановтың айтуынша, Қытай бұл несиені елдегі кеден бекеттерін модернизациялауға беріп жатыр. Атап айтқанда қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттері жөндеуден өтпек.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары барысында екі ел үкіметі арасында ондаған құжатқа қол қойылды. Оның ішінде жеңілдетілген несие беру де бар.

Осы сапар барысында Қытай тарабы Қазақстанға инфрақұрылым жобасына 727 миллион доллар қарыз берді деген ақпарат тараған.

Дереккөз: centralasian.org




Осыған ұқсас:

  1. «Ұйықтап отыр»: Қаржы министрі қаржыны күзетемін деп әбден шаршаған ба?
  2. ҚАРЖЫ САЛАСЫ «СОЗЫЛМАЛЫ СЫРҚАТЫНАН» АЙЫҒА АЛА МА?
  3. ҚАРЖЫГЕРЛЕР ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯ АЛА МА?
  4. Назарбаев қаржы министріне: Сен тағы да ақшаны оңды-солды таратып жатырсың
  5. 131 МИЛЛИАРД ҚАЙДА, ЕСІМОВ МЫРЗА?
  6. Бақыт Сұлтанов бір сөзбен айтқанда «Қазақстанның қарызы басынан асатынын» меңзеді


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.