Елімізде банктерге зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Елімізде банктерге зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек

Мемлекет өз бетінше аяққа тұра алмаған екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына тағы да жәрдем бермек. Яғни, екінші деңгейлі банктерге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына тағы 200 миллиард теңге бөлінгелі отыр. Бұл қаражат халықты ипотекалық несиелендіруге жұмсалады.

Болжам бойынша, аталған қаражат келешекте 1 триллион теңгеге дейін өсуі тиіс. Осы арқылы қаржы ұйымдары ипотекалық несиелендіру көлемін 2 триллионға дейін арттыра алады.

«Тұтастай алғанда, банк секторының тұрақтылығын арттыру бағдарламасы, «7-20-25» бағдарламасы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі жаңа қарыздарды қосқанда банктердегі ұзақ қордың жалпы сомасы алдағы бір жарым-екі жылда 3,5 триллион теңгеге ұлғаяды», – дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.




Осыған ұқсас:

  1. Зейнетақы қорына қарыз қазақ олигархы Еуропадағы элиталы үйлерінен айырылуы мүмкін
  2. БЖЗҚ-да жиналған зейнетақы жинағы мұраға беріле ме?
  3. Қаржы министрі БЖЗҚ-ның Әзірбайжан банкіндегі қаражатын қайтару жолдарын айтты
  4. Әзербайжан банкіне зейнетақы қаржысын Ұлттық банктің экс-қызметкерлері салған
  5. Зейнетақы қоры 8 миллиардтан астам қаражатты іссапарлар мен жалақыға жұмсаған
  6. Шетелдік банк зейнетақы қоры салымшыларының 71 млрд теңгесін қайтармауы мүмкін

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.