"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Былтыр елімізде 3 мыңға жуық оқушы қыз жүкті боп қалған

Денсаулық сақтау министрлігінің Азаттыққа берген ақпаратына сәйкес, 2017 жылы Қазақстанда 2947 қыз 17 жасқа дейін жүкті болған. Олардың 20-сы – 15 жасқа дейін аяғы ауырлап қалып, 19-ы түсік жасатқан деп жазады Азаттық.

Министрліктің жазуынша, былтыр ресми органдар 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында 1 305 түсік тіркеген. «2016 жылы бұл көрсеткіш 1 434 еді» деп жазады министрлік.

Ресми ақпарат бойынша, 2017 жылы 15-18 жас аралығындағы бала босану коэффициентері әр 1000 бойжеткенге шаққанда 7,9 баладан келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2017 жылғы жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбіне Оңтүстік Қазақстан облысы (545), Алматы облысы (381), Жамбыл облысы (263), Қарағанды облысы (212) мен Шығыс Қазақстан облысында (190) тіркелген.

Кейінгі жылдары 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында бала туғандар саны көбейіп келеді. Ресми статистикаға сай, 2010-2011 жылдары бала босану коэффиценті әр 1000 бойжеткенге шаққанда 30 баладан келсе, 2015-2016 жылдары бұл көрсеткіш 36-ға жеткен. Бұған қоса, жүкті болып қалған қыздардың 62 пайызы түсік жасатқан. 2016 жылы ресми органдар 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында 1400 түсік тіркеген. 2015 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 1,3 есе көбейген.




Осыған ұқсас:

  1. Сенат төрағасы: Бірінші сыныптан бастап әуелі ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ден қою керек
  2. Мектеппен қоштасу кештері құдалық той секілді – журналист
  3. Қазақ мектебінде орыс сыныбын ашу – Тәуелсіздіктің тағдырына балта шабу!
  4. Желіде мектеп формасын шешпестен күйеуге тиген қыз елдің ашуын келтірді (видео)
  5. Үздік кәсіпкер мектепті үздік бітіргендердің бәріне iPhone сыйлады
  6. Ақтөбеде хиджабын шешпеген ондаған оқушы келесі сыныпқа көшірілмейтін болды


8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. gulmira 12 Маусым, 2018, 11:25

    Масқара енді жетпегені осы еді… Бұндай бассыздық Қазақ еліне жат нәрсе

  2. Көгжал 12 Маусым, 2018, 16:41

    Масқара ғой. Мектеп жасындағы оқушылар осылай істеп жатса, не сұмдық!

  3. Көгжал 12 Маусым, 2018, 16:42

    Жастар саясаты мәселелері басқармасы немен айналысады осы? Мектеп оқушылары жастар категориясына да, балалар категориясына да кіреді. Мынау олардың жұмыс жасамайтынын көрсетеді.

  4. Көгжал 12 Маусым, 2018, 16:43

    Оқушылар жүкті болып жатса, біткеніміз. Онда салиқалы ұрпақ, дамыған ел деген боссөзді қоя салу керек.

  5. Көгжал 12 Маусым, 2018, 16:43

    Жастарды тәрбиелеу ақсап тұр. Мектеп те, отбасы институты да. Осыдан келіп ертең тастанды бала, жезөкше қыз шығады емес пе? Алла сақтасын.

  6. Көгжал 12 Маусым, 2018, 16:44

    Бәрімізде бала өсіріп отырмыз. Мынау білім минстрлігі ақылға қонбайтын эксперименттерді жасағанша, осыны реттемейді ма екен? Жастарға тисе береде, ойы сол!

  7. Белгісіз есім 13 Маусым, 2018, 09:52

    Қазіргі оқушылардың тәртібін кім қадағалайды осы? Ата- ана бəрін мектепке артып қойған.Содан кейін бірдеме болса мектеп кінәлі.

  8. Белгісіз есім 13 Маусым, 2018, 09:55

    Ата-аналар балаларыңызға бір мезгіл көңіл бөліп, тиым салып қадағаласаңыздаршы!бұл не сұмдық.Қазір кімнің оқушы кімнің студент екенін айыра алмайсың. Киінгендері, боянғандары, суретке түскендері бəрі еліктеу, ата ана қайда қарап жүр??

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.