"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Оралмандарды қолдау мәселесімен енді Нұртай Әбіқаев айналысады

Президенттің шетелдегі қазақтарды қолдау бойынша берілген тапсырмалары негізінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанынан «Отандастар» қоры құрылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ДҚҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Отандастар» қоры шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдау мақсатында құрылған. Қор Дүниежүзі қазақтарның қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады» – делінген хабарламада.

Қор Елбасының тікелей бастамасымен құрылған. Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелде тұрып жатқан отандастарымызды қолдау керектігін тапсырған болатын. Сол негіз бойынша «Отандастар» қоры өз жұмысын бастады. Қордың негізгі міндеттері – шетелдегі және елімізге оралған қандастарымызға мәдени, білім беру бастамалары және құқықтық қолдау көрсету.

Қор акционерлерінің жиналысы барысында Дүниежүзілік қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал қор президенті болып саяси және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев тағайындалды.




Осыған ұқсас:

  1. Қытайлық консул түрмеде отырған оралмандарды құтқаруға уәде берді
  2. Алматыда Қытайдан қоныс аударған оралмандар шу шығарды
  3. «Бұл біздің ішкі мәселеміз»: Қытай елшісі қысым көріп жатқан қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады
  4. Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты
  5. Қытайда еліне оралғысы келген қандастарымыз жаппай сотталуда
  6. Этникалық қазақтардың экстермистік ұйымдарға қатысы жоқ

Facebook арқылы пікір жазу



3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қаба 13 Маусым, 2018, 02:36

    Дүниежүзі қазақтардың қауымдастығының жұмысы көрініп тұрған жоқ. Сырттай екпіні қатты болған соң Зауытбектен көп үміт күткен едік, бірақ… əзірше тыныштық. Басында президент отырса да қауымдастықтың жұмысы сылбыр. Əр ауылды, қалалы жерлерге келіп бастауыш ұйым құрып, жарнама жинағаннан басқа жұмыстарын көріп отырған жоқпыз. Енді осы атағы жер жататын қауымдастыққа президенттің сенімді серігі «всемогущий» Нұртай Әбіқаевтың келгені дұрыс болған сияқты. Шамасы жетпей жүрген Зауытбекке ДЕМЕУ болатын. Осы қауымдастық Қытайдағы қазақтарға болысып елге қайтаруға үлесін қосса, тарихта ҚҰРМЕТПЕН аталып қалар еді.

  2. Белгісіз есім 13 Маусым, 2018, 09:46

    Дүниежүзінде қазақ қандастарымыз өте көп, алайда оларда бір арнаға жинай алмай отырғанымызды қарасайшы

  3. Белгісіз есім 13 Маусым, 2018, 09:47

    Қауымдастықтың шаруасын бір жыл ішінде бақылау керек.Бізде бастамалар жақсы ғой, соңын түсінбейсің…

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.