Астана мерейтойындағы іс-шараларға көбіне отандық әншілерді қатыстыру керек – Тоқаев

354
2
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мерейтойының қарсаңында өтіп жатқан шараларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Елордамыздың 20 жылдығына арналған іс-шараларға шетел әртістерінен гөрі, отандық орындаушыларды көбірек қатыстыру қажет», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, 9 маусым күні «Барыс» аренада «Денис және оның достары» атты Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған шоу өткен-ді. Аталған мұз айдынындағы қойылымға Канада, АҚШ, Жапония, Қытай, Америка, Франция, Италия және Германия мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Зейнолла Абажан 13 Маусым, 2018 10:43 Жауап

    Дұрыс! Шетелдің бір əншісіне өзіміздің 100 əншісін шақыруға болады

  2. Зейнолла Абажан 13 Маусым, 2018 10:46 Жауап

    Концертке көп ақшаны шашудың қажеті жоқ. Бір күндік салюттың бағасын естігенде, ел тырнақтап жинаған ақшаны 5 минутта аспанға күл болу үшін еңбек еткен жоқ .Халықтың еңбегін бағалау керек!

Пікір немесе жауап жазу