"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Менингит қаупі туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен 4 адам анықталды

Олардың не үшін елді дүрліктіріп жүргендерін тергеушілер сұрап біледі. Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінде аурудың таралу қарқыны төмендеді.

Алматы облысында менингиттен қайтыс болған бір үйдің 5 жасар баласы мен 18 жастағы болашақ келінінен кейін, үшінші адам  белгілерімен ауруханаға түсті. 2001 жылғы бала олармен тығыз байланыста болған екен. Сондай-ақ, 3-маусым күні өмірі үзілген өрт сөндіру қызметкерінің бауыры да ыстығы көтеріліп, ауруханаға өзі барыпты. Ал осы аптада Астанада тағы екі науқас: ересек еркек пен әйел адам анықталып отыр.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

– Олардың диагноздары осы менингит тәрізді. Ішінде бас ауру бар, дене қызуының көтерілуі.  1980-жылғы азаматша онда тіпті денесінде сәл-сәл дерттер шықты. Сондықтан осы екі азаматқа болжамды диагноз қойылды.

Дегенмен, статистика бойынша аурудың таралуы біраз бәсеңдеген. Биыл бұл дертке 60 адам шалдықса, соның 27-сі жазылып шыққан. 13 адам көз жұмды. Ал 20-сы емделіп жатыр. Инфекцияның ендігі таралуын шектеу үшін дәрігерлер адам көп жиналатын жерлерге аса мән беріп отыр. Әсіресе, маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні барша мұсылман Қадір түнін күтеді. Соған байланысты, мешіт имамдарына біраз ұсыныс берілді.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

– Генеральная уборка дейміз, тазалауын, жууын және дезинфекциялық заттармен істеуін талқыладық және осындай ұсыныс бердік. Және осы мешіттердің ішін желдету қондырғыларын қосу, оларды жөндеп қоюына ұсыныс бердік. Осы айдың 20-сы мен 30-ы аралығында елімізде ұлттық бірыңғай тест өтеді. Бас санитар тура сондай жағдайды тестілеу жүретін ғимараттарда да жасау керектігін ескертіп отыр. Ал жалған ақпармен елдің зәресін алып жүргендер көбіне интернетте немесе медициналық оқулықтарда тұратын суреттерді шебер пайдаланады екен. Олардың не мақсат көздегенін енді тергеушілер анықтайды.




Осыған ұқсас:

  1. Ләйлә Сұлтанқызы кіші ұлының менингитті қалай жеңгенін айтып берді
  2. Астана дәрігерлері екі жасар баланың менингитке шалдыққанын растады
  3. Министр Біртанов менингитке байланысты мәлімдеме жасады
  4. Бас имам ораза ұстағандарға менингитке байланысты үндеу жолдады
  5. ҚР Денсаулық сақтау министрі Үкімет басшысынан көмек сұрады
  6. Менингиттен көз жұмғандар саны 13-ке жетті


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.