Елбасы Қазақстанның мемлекеттік қарызы көп дейтіндерге жауап берді-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Елбасы Қазақстанның мемлекеттік қарызы көп дейтіндерге жауап берді

Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша ең төмен. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлем бойынша біздің мемлекеттік қарызымыз ең төмен. Америкалықтардың қарызы 14 трлн долларға тең. Бұл ішкі жалпы өнімнен де жоғары. Германия қарызы жалпы ішкі өнімнің 90, Италияда – 120, Испанияда 100 пайызды құрайды. Ал біздің қарызымыз не бәрі 13 млрд доллар ғана. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 10 пайызынан да төмен», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздің мемлекеттік қарызы ұлғайып кетпеуін үнемі жіті қадағалап отыратындығын айтты.

«Ал бұлар (қытайлық компаниялармен бірлескен жобалар) менің уағдаластығымның, жақсы қарым-қатынасымның арқасында орын алып жатыр. Бизнесмендерге жақсы жол ашып беріп отырмын. Оларға сенеді, өйткені мемлекетке сенім артады. Бұл жобалардың барлығы да коммерциялық, бизнес топтардың арасында жүзеге асырылады», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жеңіл рельсті трамвай жобасына ғана алынатын қарыз мемлекеттікі екендігін ашық айтты. «Бұл жер үстіндегі метро десек те болады. Мұны салу мемлекеттің міндеттемесі. Өйткені, инфрақұрылымын салып, теникасын ешкім сатып ала алмайды. Инфрақұрылымды мемлекет салуы тиіс», – деді ҚР Президенті.




Осыған ұқсас:

  1. Семейде Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы отау құрды (ФОТО)
  2. Елбасы Ақтау саммитіндегі қорытынды құжаттың маңызын түсіндірді
  3. Назарбаев Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
  4. Назарбаев билік дегенді қалай түсінетінін айтты (ВИДЕО)
  5. Нұрсұлтан Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер жарияланды
  6. Назарбаев еңбек демалысына шықты

Facebook арқылы пікір жазу



3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Сабыр 11 Маусым, 2018, 15:59

    Мұның бір сөзіне сенбейді екенмін

  2. Зейнолла 13 Маусым, 2018, 10:37

    Қарызымыз аз болса, желге шашқан ақшаны тез тез сол қарыздар төйлеп құтылмайсыз ба?

  3. Зейнолла 13 Маусым, 2018, 10:38

    Өзбекстан сияқты біздің елде қарыз жоқ деп қашан жүреді екенбіз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.