"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Бүгін – ҚАДІР ТҮНІ

Күндердің қайырлысы – жұма болса, түндердің қайырлысы – Қадір түні. Маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Ораза айының соңғы он күнінің бірінде атап өтілетін – Қадір түні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дін қызметшілерінің айтуынша, Қадір түні – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше түн. Себебі, бұл түні қасиетті Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған.

«Анығында Біз Құранды Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні періштелер мен Рух Раббыларының әмірімен жерге түседі. Ол таң ағарып атқанша жалғасады», – деп келтіреді ҚР Мұсылмандары діни басқармасы «Қадір» сүресінен үзіндіні.

Ислам ғұламалары Қадір түнінде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, ризық-несібесін жазатындығын айтқан. Араб тілінде «қадір» және «тағдыр» сөздерінің түбірлестігінен де осыны аңғаруға болады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл «тағдырлар жазылатын түн» дегенді білдіреді. Қадір түнін мүминдер ғибадатпен, құлшылықпен өткізіп, тым болмаса тарауих намазынан кейін біршама уақытын дұғаға арнауы керек. Өйткені, бұл түні жасалатын дұғалардың қабыл болатынына деген нық сенім бар.

Айта кетейік, Қадір түні Қыдыр ата келеді деп дастархан жаюдың немесе ыдыс-аяққа су толтырып қоюдың қажеті жоқ. Қыдыр ата қазақ халқында Ұлыстың ұлы күні – жыл басының басталуымен байланыстырылады. Сенім бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталған. Ал оның дінге еш қатысы жоқ. Сол себепті Ораза айының қасиетті күні – Қадыр түнін тек Алла Тағалаға құлшылық жасаумен өткізу керек.

Қадір түнінің уақыты күн батқаннан сәресіне дейін жалғасады. Мұсылман қауымы құлшылықтарын мешіттерде, сондай-ақ үйлерінде де орындай алады.

Еске салайық, биыл 17 мамырда басталған Ораза айы 14 маусымға дейін жалғасады. 15 маусым (жұма) күнi Ораза айт мейрамы басталады. Пітір садақа құны бір адамға – 300 теңге.



Ілмектер:
Қадір түні

Осыған ұқсас:

  1. Қадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалды
  2. Қазақстандықтар Қадір түнін қалай қарсы алды? (фото)
  3. Бердібек Сапарбаев Қадір түнінде ақтөбеліктерге Құран-Кәрім таратты
  4. Бүгін барша мұсылман қауымы қасиетті Қадыр түнін күтеді
  5. О, Алла, жемқорларды, әділетсіздерді жазала! Тирандарды жазала», – деп дұға еткен Имам қудалануда…(видео)
  6. Астанада 35 мың адам бір мезетте басын сәждеге иді (фото)


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.