"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қытай кәсіпкерлері Елбасыға алғыс айтты

Бүгін Бейжіңдегі «Дяоюйтай» резиденциясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және 300-ден астам қытайлық кәсіпкердің қатысуымен іскерлік кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.  

Отырыс барысында Қытай кәсіпкерлері Елбасыға алғыс айтты. Олардың сөзінше, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастың жандануы – Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасы.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің экономикалық серіктестігінің нығайып келе жатқанына назар аударды.

– Кешегі өткен келіссөздер барысында сауда қарым-қатынасын жалғастыратынымызды мәлімдедік. Өндірістік кешендерді дамытуға Қытай компанияларын шақырамыз. Қазақстан жаңа инновациялық технология саласын жедел дамыту шараларын қолға алды. Осы мақсатта Қазақстанда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылады. Экономиканы цифрландыру мақсатында инновациялық жобаларды жүзеге асыру аса маңызды. Осыған орай елімізде «Назарбаев университеті» сынды инновациялық кластер жұмыс істеп тұр. Биыл халықаралық IT-стартап технопаркі ашылады, – деді Назарбаев.

Бұған қоса Елбасы аграрлық саладағы ынтымақтастық нығайып келе жатқанын, Қытайға экспортталатын ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ұлғаятынын жеткізді. Қытай инвесторларының Қазақстанда жұмыс істеуіне барынша тиімді жағдай жасалатынын айтты.

– Бүгінгі кездесу қос мемлекеттің арасын одан ары жақындастыра түсетініне сенімдімін. Компаниялар мен кәсіпкерлеріміз бизнестің дамуы мен өзара ынтымақтастықтың нығаюы жолында аянбай еңбек етуі керек, – деді Қазақстан президенті.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқармасы төрағасы Ахметжан Есімов екі елдің бизнестегі әріптестігі әлі де күшейетінін атап өтті.

– Бүгінгі іскерлік кеңес отырысында 4 сағат бойы көп әңгіме айтылды. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің ҚХР басшысымен кешегі келіссөздеріңізді негізге алып, біз жақын арада қытайлық әріптестерімізбен «Бір белдеу – бір жол» және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңаша бағытта жұмыс істейтін боламыз, – деді Есімов.

Айта кетейік, 6 маусымда ресми сапармен Бейжіңге барған Нұрсұлтан Назарбаевты ертеңінде Қытай билігі Халық жиналысы үйінің алдында салтанатпен қабылдады. Сап түзеген әскерилер Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын оркестрмен орындап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор құрмет көрсетті.

Ши жин пиң Елбасына алғыс білдіре отырып, жарқын болашақ мақсатында Қазақстанмен бірге жүруге дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев өзін қарсы алған Қытай төрағасына алғыс білдіріп, құттықтау сөзін жеткізді.

Кейін Қазақстан мен Қытай басшылары жалпы саны 9 құжатқа қол қойды.

Бұл – екі ел басшысының 18-ші рет жүздесуі.




Осыған ұқсас:

  1. «Халық банк» қытай тілінде қызмет көрсете бастады (ВИДЕО)
  2. Шекараны заңсыз кесіп өткен қандас: «Мені ол жақта өлім күтіп тұрған еді…»
  3. Министр: Қытайлар Қазақстанға жаппай ұмтылып жатыр деген сөз – дақпырт
  4. Әзімбай Ғали: Елбасы Қытайда қазақ мәселесін көтерді деп ойлаймын
  5. Қазақ жастары АҚШ-та Қытайдағы қандастардың концлагерьлерге қамалуына қарсы митинг өткізді (ВИДЕО)
  6. Қытайдағы мұсылмандар жаппай қасиетті Құранды жерге көмуде


1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. gulmira 12 Маусым, 2018, 11:23

    Елбасымыз жасай берсін…..

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.