"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазақстан Қытайдан тағы да ірі көлемде қарыз алмақшы

Қытайдың экспорт-импорттық банкі Қазақстанға тас жол құрылысын жүргізуге 730 млн доллар көлемінде несие беруді жоспарлап отыр деп жазады Qazaqtimes.com.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қаржы министрлігіне «Астана-Қарағанды-Балқаш-Күрті-Қапшағай-Алматы» «Қарағанды-Бұрылбайтал», «Қарағанды-Балқаш» тас жолының «Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта салу» жобасы бойынша Қытайдың экспорт-импорттық банкіне «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 727 млн. 212 мың доллар көлеміндегі заемына мемлекеттік кепілдік құжаттарын дайындап, ұсыну тапсырылған.

Жалпы, Қазақстанның сыртқы қарызы 2016 жылдың желтоқсан айындағы көресткіш бойынша 163 758 миллиард долларды құраған. Оның ішінде Нидерландыға 47,3 миллиард доллар, Ұлыбританияға 24, 6 миллиард доллар, АҚШ-қа 12,9 миллиард доллар, Қытайға 12,6 миллиард доллар, Францияға 11,7 миллиард доллар қарыз.

Бірақ дәл осы мемлекеттердің бірқатары Қазақстанға да қарыз. Атап айтқанда АҚШ 54,9 миллиард доллар, Нидерланды 20,5 миллиард доллар, Ұлыбритания 16 миллиард доллар, Ресей 7,5 миллиард доллар, Германия 4,4 миллиард доллар біздің елімізге қарыз. Жалпы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, өзге елдердің Қазақстан алдындағы берешегі 169, 4 миллиард доллар болған.




Осыған ұқсас:

  1. «Халық банк» қытай тілінде қызмет көрсете бастады (ВИДЕО)
  2. Шекараны заңсыз кесіп өткен қандас: «Мені ол жақта өлім күтіп тұрған еді…»
  3. Министр: Қытайлар Қазақстанға жаппай ұмтылып жатыр деген сөз – дақпырт
  4. Әзімбай Ғали: Елбасы Қытайда қазақ мәселесін көтерді деп ойлаймын
  5. Қазақ жастары АҚШ-та Қытайдағы қандастардың концлагерьлерге қамалуына қарсы митинг өткізді (ВИДЕО)
  6. Қытайдағы мұсылмандар жаппай қасиетті Құранды жерге көмуде


2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Зейнолла 13 Маусым, 2018, 10:54

    Қарыз қарыз қашан біз қарыз береміз, ертең ол қарызды ұрпағымыз қалай төлейді екен

  2. Зейнолла 13 Маусым, 2018, 10:54

    Келешекте сол қарызды қытай басқа жолмен алмаса болды

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.