"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Алматыда болған атысқа қатысты боксшы Жанқош Тұраров түсініктеме берді

Белгілі боксшы Жанқош Тұраров жазым бола жаздады. Спортшыға қару  кезенген оқыс оқиға осыдан 10 шақты күн бұрын Алматы қаласында болған, – деп хабарлайды ktk.kz.

Құдды бір кинодағы текетіреске ұқсайтын бейнежазбада әуелі екі топтың жанжалдасқан сәті байқалады. Кенеттен сақалды біреу былғары қолғап шеберіне тапанша кезеніп, сөзге келмей оқ жаудырады. Іле-шала екі ортада төбелес басталады. Шетін оқиғаны ешқандай көрініс емес, жігіттердің арасындағы келіспеушілік екенін атақты спортшының өзі де растап отыр.

«Абырой болғанда жарақаттанған ешкім жоқ, бәрі бейбіт жолмен шешілді» дейді боксшы.

Кейбір дерек көздерінің мәліметінше, 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қару ұстаған екеуі қамауға алынған. Осы оқиғаға орай біздің тілшілерімізге түсініктеме берген Алматы қалалық ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.




Осыған ұқсас:

  1. Шардарада алғаш рет «Safari Shardara» халықаралық фестивалі өтеді (видео)
  2. Қытайда белгісіз ұшатын нысан жұртты дүрліктірді (видео)
  3. Сұмдық! Қызылордада мұғалім жігіт сүйіктісінің басын кесіп алған деп айыпталуда (видео)
  4. Астанада РЕСЕЙ ТІЛІНДЕГІ көше атаулары мен жарнамалар жойылуда (видео)
  5. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын арнады (видео)
  6. «Өліспей беріспейміз»: Алматыда желтоқсан белсенділері қарсылық митингіне шықты (ВИДЕО)

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.