Нұрсұлтан Назарбаев Қытай парламенті төрағасымен кездесті

Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытай бүгінде әлемдегі ең үлкен, жетекші екі экономиканың біріне айналып отыр.  Инвестициялық тәжірибе, инновация жедел қарқын алып келеді. Яғни, Қытай өз дамуының мүлдем жаңа жолына түсті. Әлемдегі сыртқы жағдайды ескерер болсақ, жаһандық жүйе күйреп, интеграция  әлсіреуде, ұлы державалар арасында келісім жоқ. Сондықтан алға қойылған міндеттерді іште де, сыртта да орындау қиынға соғады», – деді Қазақстан Президенті кездесу барысында.

Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық халықтар өкілі жиналысы 13-шақырылымының 1-сессиясы Қытай үшін тарихи шешімдер қабылдағанын баса айтты.

Өз кезегінде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары және Циндаода өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Саммитіне қатысуы табысты болатындығына сенім білдірді.

«Сіз Қытай халқы үшін үлкен дос саналасыз. Ал жеке өзім үшін Сіз аса құрметті Мемлекет басшысыз. Бірнеше жылдың ішінде Қытайға 20-дан астам сапармен келген екенсіз. 18 рет Си Цзиньпинмен жүздестіңіз. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастың айрықша сипатын білдіреді. Сіздің есіміңіз Қытай халқының арасында кеңінен танымал. Біз Сізді өз елімізде жолдас Әбішұлы деп атаймыз», – деді Ли Чжаньшу.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. Көгжал 8 Маусым, 2018 14:12 Жауап

    Елбасымыз мұхиттың арғы шетінде ақбас бүркітпен, солтүстікте қоңыр аюмен, шығыста қызыл айдаһармен ойын ойнап, саяси балансты ұстау жолында барын салып жатыр. Алла Алашқа оң көзбен қарасын деп тілейік.

  2. Көгжал 8 Маусым, 2018 14:14 Жауап

    Қытай парламентінде қандастардың мәселесі көтерілсе екен. Алайда қысықкөздер қазақты малша қырса да, ішкі мәселеміз деп отыра береді. міз қақпайды.

  3. Көгжал 8 Маусым, 2018 14:15 Жауап

    Қытайда ұсталған, жазықсыз қапаста жатқан қазақ жастарының мәселесін де қарастырса ғой. Сағадиев ол жайында жақ ашпады. Қолынан түк келмейді.

  4. Көгжал 8 Маусым, 2018 14:15 Жауап

    Қазақтар! Жастардың Қытайға оқуға жібермеңдер! Мүлде өздерің де бармаңдар.

Пікір немесе жауап жазу

он төрт − 5 =