"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді ресми түрде әлем чемпионы атағынан айыруға шешім қабылдады, деп жазды sputniknews.kz.

22 мамырда Спрингфилд қаласында тыңдау өтіп, оған Головкин мен оның IBF бойынша міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко және олардың командалары қатысты. IBF екі тарапты да тыңдап, бүгін шешім шығарды. Геннадий Головкин IBF белбеуінен ресми түрде айырылады, өйткені 3 тамызға дейін Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин әуелі Сауль Альвареспен шаршы алаңда кездесуі керек болатын, алайда келіссөздер қаржылық келіспеушіліктің салдарынан тығырыққа тірелді. Сонымен бірге, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке шығуы мүмкін деген болжам айтылып жүр.




Осыған ұқсас:

  1. ЕЛБАСЫ  НАУРЫЗ  КӨЖЕ  БЕРЕ МЕ?
  2. Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты
  3. Головкин-Альварес реваншы өтетіндігі ресми түрде хабарланды
  4. Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
  5. Головкин келесі жылы кімдермен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды
  6. Майк Тайсон: Мен Головкиннің жанкүйерімін


3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. user00 7 Маусым, 2018, 22:00

    Головкинның еш кінәсі жоқ, тек қаржылай жағынан Головкин сәл төмендеу болып тұр! Ал қарсыластары үлкен сомадағы ақша сұрап тұр! Егер мүмкіндігі болып жатса бүкіл қарсыластарын жайратып салар еді! Дегенмен Гена қайтарып алады деген ойдамын чемпион атағын

  2. Белгісіз есім 8 Маусым, 2018, 09:48

    Головкин еш мұнайма!Сен біз үшін чемпионсың

  3. Белгісіз есім 8 Маусым, 2018, 09:49

    Ильясы бар енді келіп Головкинге тиіскені несі? Біздің спортшыларды көре алмайды ма? Өзге ел???

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.