"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраровтың сақалдылармен төбелесіп, атысқан видеосы пайда болды (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровтың сақалды жігіттердің тобында төбелесіп, атысқаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Артынша аталған видеоролик әлеуметтік желілерге тарап кетті, – деп жазды sn.kz.

Видеоны бөлісіп жатқандар Жанқош Тұраровқа қастандық жасалғанын айтуда. Дегенмен, боксшының өзі болса мұны қарапайым төбелес, ешқандай қастандық емес дейді.

«Бұл оқиға осыдан бір аптадай бұрын Алматыда болды. Оны жұртқа таратудың не керегі бар? Бұл жігіттердің арасындағы әңгіме. Тек ерегісіп қалдық. Қарсы топтағылардың бірі оқ атты, бәрі қашып кетті. Полицияға арыз жазылған жоқ, олар да өз таныстарымыз, қашып кетпек болды, бірақ ұстап алдық. Ешкім ешкімді жараламады», – деді Тұраров.

Айта кетейік, 28 жастағы Жанқош Тұраров кәсіпқой рингте 22 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен, 15-ін нокаутпен аяқтаған.




Осыған ұқсас:

  1. «Шала қазақша» сөйлеген шаласауат депутат күлкіге айналды (ВИДЕО)
  2. АРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӘЙЕЛДІ ЖҰТЫП ҚОЙҒАН АЛЫП ЖЫЛАНДЫ СОЙДЫ (ВИДЕО)
  3. Танымал ресейлік әнші қазақ миллиардерімен қалай жүргенін айтып салды (ВИДЕО)
  4. Министр: Қытайлар Қазақстанға жаппай ұмтылып жатыр деген сөз – дақпырт
  5. Елбасы күнделікті жұмысқа қалай бару керектігі туралы кеңес айтты (ВИДЕО)
  6. Қос қария мен қос бүлдіршіннің тағдыры не болмақ, Қайрат Құдайбергенұлы?!


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.