Астанада халықаралық балалар жазушыларының форумы өтеді

7-8 маусым күндері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығына «Балалар әлемі: – кітаптан өмірлік мұратқа» атты Халықаралық Балалар жазушыларының форумын өткізеді.

Шетелдік қонақтардың қатысуымен брифинг өтеді

7 маусым, сағ. 9: 30-10:00, 2 қабат («Думан» қонақ үйі, Қызыл зал)

7 маусым сағ: 10.00-13.00. Іс-шараның салтанатты ашылуы және пленарлық отырыс (Өткізілетін орны: «Думан» қонақ үйі, Қызыл зал)

Балалар жазушыларының Халықаралық Форумында балаларды кітап оқуға ынталандыру, қазақ және әлем әдебиетінің классиктері мен қазіргі заман жазушыларын көпшілікке таныту, отбасылық оқуды насихаттауға бағытталған ұлттық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, форумда заманауи трендтер мен жаңа байланыс құралдарына бағытталған кітап оқуды дамыту бойынша бағдарламалар қарастырылады. Байланыс арналары арасында кітап оқу (баспа нұсқада да,электронды нұсқада да), өте маңызды рөлге ие. Бұл – ұлттық мәдениеттің негізін сақтаудың, ана тілінің байлығын арттырудың, сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең қуатты механизмі.

Іс-шараға ҚР Мәдениет әжне спорт минстрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Смағұл Бақытбек, жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, жазушы, Беларусия Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Стельмах Елена Анатольевна (Минск, Белоруссия), жазушы, «Қырғызстанның жаңа әдебиеті» электронды кітапханасының бас редакторы Бондаренко Олег Ярословович (Қырғызстан, Бішкек), ағылшын зерттеушісі Джил Браун (Ұлыбритания, Лондон), Вена Университетінің аудармашысы, дәріскері Havranek Erich, (Аустрия, Вена), Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің

балалармен жұмыс жасау жөніндегі директордың орынбасары Абылгазина Гульмира Айдарбековна, филология ғылымдарының докторы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының профессоры Нұрсұлу Шаймерденова, балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толымбек Әбдірайым, ақын, жазушы, жыршы, манасшы, драматург, балалар жазушысы Баянғали Әлімжанов, «Детский сайт Оранжевый верблюд» жобасының жетекшісі Лев Бондарев (Ресей ФР, Симферополь) және т.б. қатысады.

Форум аясында өтетін іс-шаралар:

1 Секция. 7 маусым, сағ.14.00-16.00 Балалар әдебиеті қазіргі әлемде: автор, аудармашы, оқырман.

2 Cекция. 7 маусым, сағ.14.00-16.00. Жазушы. Баспа. Кітапхана: өзара ic-қимыл мен ынтымақтастық басымдықтары;

7 маусым 16.30-18.00 Шеберлік сағат – «Балаларды интернеттің зиянды әсерінен қорғау», Gillian Brown, зерттеуші (Лондон қаласы, Ұлыбритания);

8 маусым. Сағ. 10.11.30 «Жыраулық, жыршылық өнері - бабадан қалған асыл мұра»-ақын, драматург, жазушы, жыршы, манасшы, балалар жазушысы – Баянғали Әлімжановпен авторлық кездесу;

Шеберлік сағат - «Балалар сайты «Қызғылт сары түйе»: ойдан іске асыруға» сайт жасаушы, «Балалар сайты «Қызғылт сары түйе» жоба жетекшісі – Лев Бондарев (Симферополь қ., Ресей);

Балалар жазушысы, публицист, «Дарабоз» Халықаралық сыйлығының лауреаты – Джумагельдинова Дария Тукеновнамен шығармашылық кездесу;

«Жазушы құпиялары, ертегіні бірге жазамыз» – атты балалар жазушысы, педагог-журналист, Владислав Крапивина атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Согласование времен»-атты Халықаралық әдеби байқауының лауреаты, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты – Краева Ирина Ивановнамен бірге балалармен интерактивті кездесу.

Модератор – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева Дәуренбекқызы.

8 маусым, сағ: 11.30-12.30 сағ. Форумның салтанатты жабылуы. (ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді).

Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданады.