Әлихан Баймен: Үкімет вебсайттарының орыс тілінде ашылуы заңға қайшы

      Белгілі саясаткер,  Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы  Әлихан Баймен өзінің Фейсбук парақшасында:  "Біздегі ақпарат агенттіктерінің бәрінің вебсайттары алдымен орыс тілінде ашылады екен. Қазақша ақпарат кешірек беріледі, ал кейбіреуі тіпті таратылмайды. E-gov., Қазақстан Үкіметі  сайттары да солай.  Заңға да,  ресми ұстанымға да қайшы жәйт."-деп жазды. Иә, осыдан біраз бұрын елдің бас газеті  "Егемен Қазақстанда" да бұл мәселе көтеріліп, Қазақстандағы көптеген министрліктер мен мемлекеттік органдардың вебсайттарының атауы  Ресей тілінде екені сыналған еді... Бұл көкейтесті тақырыпты  "Қазақ үні" сайты да көшіріп басқан болатын. Содан бері солардың беті бері қарағанын көрген жоқпыз. Тіпті Үкіметте де үн жоқ!?.
qazaquni.kz