«С праздником – 31 мая!»: ШҚО әкімінің орынбасары Ашаршылық құрбандарын осылай еске алды

Кеше ғана "Бессмертный полктің" алдыңғы сапында жүрген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметовтің ресми сайтын қараңыз. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға қатысты бір ауыз сөз жоқ. Есесіне дәл осы 31-мамыр күні Марқакөл ауылдық Мәдениет үйінде балабақша мекемесінің ұйымдастыруымен балабақшамен қоштасуға арналған «Қош бол, Балабақша!» атты  мерекелік шара еткенін сүйіншілеп хабарлапты. Бұл не? Даниял Ахметов басқаратын облыс мұнымен не айтпақ? Бәлкім, облыста әкімнің қатысуымен 31 мамыр - қуғын сүргін құрбандарына арналған шара өткен болар. Онда облыс әкімінің ресми сайты неге жазбайды?

А, айтпақшы Семейде Әлихан Бөкейханның ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойған Ахметовтің орынбасары Әсем Нүсіпова қағазға шұқшиып, орыс тілінде баяндама жасап, сөзінің соңын «С праздником – 31 мая!» деп аяқтағанын ұмытып барады екенбіз ғой. Әкімнің орынбасары Әсем ханым үшін сонда, 31-мамыр мереке болғаны ма?.. Түсінбедік.

Шәріпхан Қайсар

Дереккөз: Abai.kz