"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Әкемді құлаған үйдің қабырғасымен көме салған – Ілияс Жансүгіровтің ұлы

Қазақ әдебиетіндегі Үш бәйтеректің бірі – Ілияс Жансүгіров. Аласапыран заманда айдауға жөнелтіліп, Алматының іргесінде атылған Алаш арысының ұрпағы Саят Жансүгіровтің жасы бүгінде тоқсанға таяған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Әкемнің тағдырын айту жүрегіме шаншудай қадалады» деген Саят Ілиясұлы бұған дейін бұрмаланып келген бірқатар деректердің ара-жігін ажыратып, баяндап берді.

«Замандастарының айтуынша, әкем ұсталар алдында Жазушылар одағын бас­қар­ған екен. Қыста қалада тұрақтағанымен, жаз жайлауға шығатын дағдысы болған. Дема­­лысында далада жатып, шығарма жаз­ған­ды ұнатады екен. Менің естігенім, әкемді жай­лаудан тұтқындап, алып кеткен. Алматы­да­ғы үйін тінтіп, шығармаларын, қолжаз­ба­ла­рын ту-талақайын шығарып, көзін жой­ған. Әкемнің қолжазбаларын арбаға тиеп әкеткенде, іргелес көрші Сапарғали Бега­лин көріп қалып, алысып жүріп, әкемнің бір кітабын сақтап қалған дейді. Сол кітап «Құла­гер» поэмасы екен. Қуғын-сүргін жыл­дары артта қалып, әкем ақталғанда Фатима Ғабитоваға аманаттаған.

1938 жылы 26 ақпанда әкемді түнде атқан. Алматының іргесіндегі Жаңалық ауы­лын­да құлағалы тұрған үйлердің іргесіне тастай салған. Жендеттер үйдің қабырғасын үстіне құлатып, көмбей жөніне жүре берген. Фатима Ғабитоваға бір айдан соң «Сіздің күйеуіңіз Сібірдегі лагерьлердің бірінде жүрек ауруынан қайтыс болды» деген маз­мұн­дағы хат келген дейді замандастары. Түрме­ден келген хаттарда «Алашордалықтар айдауға кеткен, байланысуға болмайды» деп шындықты бізге айтпаған», – дейді Саят Ілиясұлы.




Осыған ұқсас:

  1. КІТАПХАНА – РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ
  2. Бейсен Құранбек: ЖАНСҮГІРОВ деген адам тарихта болмаған
  3. І.Жансүгіровтің абақтыда түсірілген суреті мен төлқұжатының түпнұсқасы музейге тапсырылды
  4. ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР ИЕЛЕРІ
  5. О, Жасаған, кадрде – Бейімбет, Ілияс пен Сәкеннің тірі бейнесі
  6. Жыр жампозы Ілияс


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.