Арал теңізінің ауасы кәдесый ретінде сатылып жатыр

Өзбекстанда кәдесый ретінде «Арал теңізінің ауасы» деп жазылған құты сатылады, деп хабарлайды ktk.kz.

Әлемдегі ірі теңіздің ғарыштан түсірілген суреті құтының бетінде бейнеленген. Ауадан табыс табуды Айдос Диорбек атты жеке кәсіпкер ойлап тапқан. Оның айтуынша, құтыны сатып алған турист ауа ғана емес, Арал теңізінен жарқын естеліктерді де өзімен алып кетеді. Ауаға толы құты кәдесыйы әлемнің түрлі қалаларында сатылады.

Мысалы: Париж, Берлин, Мәскеу және Алматы ауаларын сатып алуға болады. Ал Тель-Авив қаласында түрлі елдің ауасы бар хош иістендіргіш сатып алуға болады. Құтыны ашқан сәтте теңіздің не өзге қаланың иісі бөлмені жайлайды. Исландияда тіптен тек ауа емес, жаңбыр, сонымен қатар тұман да сатылады.