Цифрлық Қазақстан аясында электронды саудаға басымдылық беріледі – Абаев-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Цифрлық Қазақстан аясында электронды саудаға басымдылық беріледі – Абаев

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электронды сауданы дамытуға басымдылық беріледі. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ideas for women IFW-2018» атты ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз цифрландыру бағдарламасында басқа елдердегі барлық тәжірибені таңдап алдық. Егер Цифрлық Қазақстан бағдарламасы жүзеге асырылатын болса, онда еліміз жақсы жаққа өзгеріп, мүлде басқа мемлекетке айналады. Мемлекет басшысы атап өткендей, төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын қазақстандық қауымдастықтың барлық салаларына тарту біздің міндетіміз болып табылады», – деді министр.

Дәурен Абаев осы тұста елдегі ірі әрі ықпалды бірлестіктердің біріне айналған Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының рөлін де ерекше атап өтті.

«Үлкен жетістіктеріне қарамастан, әйелдер кәсіпкерлігінде үлкен әлеует бар. Ал алдағы цифрландыру дәуірі бұл жаңа мүмкініктер болып табылады, сол себепті ол әлеуеттерді біз жүзеге асыра аламыз деп сенемін. Экономика салаларын цифрландыру кәсіпкерлік саласы үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы бағыт аясында біз электронды саудаға, соның ішінде ауылдық жерлердегі саудаға басымдылық беретін боламыз. Қазірдің өзінде бұл алғашқы нәтижелерін беріп отыр. Осы орайда, электронды сауданың дамуына ықпал ететіндей Салық кодексіне бірқатар өзгертулер енгізілді», – деген министр интернет-дүкендер құру бойынша арнайы оқулар да ұйымдастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, электронды төлемдер қабылдауды арттыру үшін мобильдік төлемдерді жүзеге асырудың оңтайландырылыған механизмдерін енгізуді ынталандыру мәселесі қаралады.




Осыған ұқсас:

  1. Астананың 20 жылдық мерекесі шенеуніктерге емес, халық үшін жасалады – Дәурен Абаев
  2. Абаев 1,7 млрд теңге бөлінген БАҚ мониторингіне қатысты түсініктеме берді

Facebook арқылы пікір жазу



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ш.З.Д. 31 Мамыр, 2018, 14:37

    ҚАЗЫБЕК ИСА, осы «цифрландыру» деген сөзді Қазақша айтуға болмай ма? Аудармасы бар ғой. Мәселен «Сандық үлгідегі Қазақстан» «Сандық түрдегі Қазақстан», «Сандық кезеңдегі Қазақстан» деген секілді нұсқаларын табуға болады ғой. «Цифрлық» деген орысша сөз құлаққа түрпідей тиеді. Маған ұнамайтын тағы бір сөз «учаске» дегенді де «бөлімше», «бөлім» деп аударуға болады. Әсіресе сайлау кезінде «учаске» деген сөз қаптап кетеді. Содан кейін «учаскелік полиция» деген тіркес те әбден тұрақтанып алған. Оны «бөлімшелік полиция», «полиция бөлімшесі» деп аударуға болады.
    Осыған түсінбей-ақ қойдым…

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.