"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



«ҚАЗАҚ ҮНІ» порталына пікір жазу ережесі ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ (ФОТО)

Құрметті оқырман! «Ақпараттандыру туралы заңның» 36 бабына сәйкес «Қазақ үні» порталына пікір жазу ережесі өзгертілді. Енді әрбір оқырман SMS верификациядан өткен соң ғана мақалаға пікір жаза алады. Аталмыш заңда 2017 жылдың 28 желтоқсанында бекітілген түзетулер бойынша желілік басылымдар үшін міндеттеме қосылған. Бұндай қадам ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуы мен арандатудың алдына алу мақсатында жасалып отыр.

Біз қалың оқырманның бұған дейінгі пікір жазу ережесінің қиындатылғаны туралы сансыз ескертпелері мен өтініштерін оқып, тіркеліп, пікір қалдыру жүйесін жеңілдеттік.

Енді пікір білдіргіңіз келсе:

1. ТІРКЕЛУ батырмасын басыңыз;

2. Өз ұялы телефоныңыздың нөмірін енгізіңіз. Нөмір жазғаннан кейін «SMS код жіберу» батырмасын басу қажет. Телефоныңызға келген құпия кодты «Құпия код» деген жерге енгізесіз. Одан кейін «Құпия сөз» деген жерге өзіңізге ыңғайлы ПАРОЛЬ ойлап жазасыз.

3. ТІРКЕЛУ батырмасын басыңыз.

Енді кез-келген мақалаға пікір жазу үшін телефон нөміріңіз бен ПАРОЛЬді енгізу арқылы сайтқа кіре аласыз. Ол үшін сайттағы КІРУ батырмасын бассаңыз жеткілікті.

 МАҢЫЗДЫ! Егер Сіз парольді (құпия сөз) ұмытып қалсаңыз, тіркелу парақшасындағы «ҚҰПИЯ СӨЗДІ ҰМЫТТЫҢЫЗ БА?» тетігін басыңыз. Ашылған ұяшыққа телефон нөміріңізді қайтадан енгізесіз. Ұялы телефоныңызға жаңа пароль келеді. Сол парольмен жеке кабинетке кіріп, профайл ішінде есте сақтауға ыңғайлы жаңа парольді өзгерте аласыз.

Жеке кабинетке «КІРІҢІЗ» тетігін басу арқылы кіріп, сіз өзіңіздің мәліметтеріңізді еркін өзгерте аласыз.

ЕСКЕРТУ! Сайтқа тіркелуші тіркелу арқылы сайт ережелерімен түгелдей келіседі әрі заң талабын сақтауға міндеттеледі.

«Ақпараттандыру туралы заңға сай» желілік басылым және ұялы байланыс операторы сайт оқырмандарының (абоненттердің) жеке мәліметі таралмауына кепілдік береді.




Осыған ұқсас:

  1. Абзал Құспан: Сайрагүл Қытайға қайтарылады деген қауіп жоқ (ВИДЕО)
  2. Мінтемір Шәймиев: Баланы АНА ТІЛІН үйренуден қалай ғана шектеуге болады?
  3. Қазақстанда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешектерге шектеу енгізілмек
  4. Мәжіліс қарауына сайлау туралы заңнама енгізілді
  5. Астана тұрғыны 1 бөтелке сыра үшін 96 мың теңге төледі
  6. Индонезияда некеге дейін жыныстық қатынасқа түскендерді бес жылға соттамақ


10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Сәтбай 11 Мамыр, 2018, 12:36

    Әлі де түсініксіз, қарапайым жазыңдаршы, бірінен кейін бірін

  2. Сәтбай 11 Мамыр, 2018, 12:43

    Жеке кабинетке кіріп, өзгертулер болатынын неге жазбайсыздар?

  3. Қайсар Иман 11 Мамыр, 2018, 15:55

    Телефоныңызға смс арқылы код келгесін бірден ТІРКЕЛУ-ге өтіп кетпей, ҚҰПИЯ СӨЗДІ жазып, содан соң тіркелуді басу керек екен

  4. Qulajan 11 Мамыр, 2018, 16:31

    Жеке кабинетке КІРУ арқылы қалағаныңды істеуге болады екен

  5. Сапар Әлі 11 Мамыр, 2018, 16:43

    Жеке кабинетке бір жетіп алсаң, әрі қарай оңай екен

  6. Сапар Әлі 11 Мамыр, 2018, 16:44

    ҚҰПИЯ СӨЗДІ ұмытып қалсаң, қайтып телефоныңа жібере беретіні жақсы екен

  7. Қайсар Иман 11 Мамыр, 2018, 20:23

    Тіркеле алмасаңыздар, редакцияға хабарласу керек екен. Тіркеп береді

  8. gulmira 14 Мамыр, 2018, 18:30

    Ұлттың үні бола білген «ҚАЗАҚ ҮНІ» порталының сүйікті оқырмандары, біздің сайтқа тіркеліңіздер, оқыңыздар, ой бөлісіңіздер. Маңызды ақпараттармен дер кезінде құлағдар болыңыздар!!!

  9. Ш.З.Д. 25 Мамыр, 2018, 10:02

    Қазақ үні, тіркелу туралы мына түсіндірулеріңіз тым ұғынықсыз. Сондықтан, көп адам тіркеле алмай, пікірлерін ортаға сала алмай пұшайман болып отыр деп ойлаймын. Қысқа да, нұсқа түсіндіру керек сияқты.

  10. Әуелхан 30 Мамыр, 2018, 17:32

    Тіркелдік де…

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.