Баталов "Рухани жаңғыру" бағдарламасына қатысты сауалдарға жауап берді

Бүгін Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылуы тақырыбында брифинг өтті. Облыс басшысы Президенттік бағдарлама аясында іске асырылып жатқан маңызды әлеуметтік-мәдени жобалар туралы айтып берді.

Бұл туралы "Қазақ үні" порталы әкімнің баспасөзі таратқан мәліметке сүйеніп хабарлайды.

Негізгі баяндама аяқталған соң облыс әкімі А. Баталов журналистердің сауалдарына жауап берді.

Брифинг барысында барлығы 10-ға жуық сауал қойылды. Атап айтқанда, сұрақтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына меценаттардың үлесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуылардың тағдыры, Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамыту шаралары, Талдықорған қаласындағы жаңа драма театр құрылысы, облыстағы жаңадан құрылған Кеген ауданын дамыту барысы мен жоспары, Астананың 20 жылдығына орай Алматы облысы бас қалада құрылысын жүргізіп жатқан «Арай» саябағының жаңғырту жұмыстары және т.б. туралы болды.

Қойылған сауалдардың бәріне нақты әрі толық жауап берілді.