Ақын Ғалым Жайлыбайдың шығармашылық кеші өтті

Кеншілер мәдениет сарайында ақын Ғалым Жайлыбайдың 60 жылдық мерейтойына арналған «Аққулардың жыр жаздым қанатына» атты шығармашылық кеші өтті. Мерейтой иесінің құрметіне қалада нағыз поэзия мерекесі ұйымдастырылды. Салтанат иесін құттықтауға тек атақты қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар шет елдік қонақтар да келді. Мереке Қасым Аманжоловтың монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

С. Қожамқұлов атындағы жезқазған музыкалық-драма театрының ұжымы Ғалым Жайлыбайдың поэмасы бойынша «Қара орамал» спектаклін қойды. Шығармашылық кешке Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қатысты. Аймақ басшысы мерейтой иесіне Қазақстан премьер-министрі бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хатын табыс етті.

- Біз өз ақындарымызды әрдайым құрметтеп келдік және құрметтейміз. Поэзия - ол жүректен шыққан сөздер, халықтың рухын көтеретін, елдің қуатын артатын, барлығын біріктіретін күш. Тарих беттерінде кім қалады? Тарихта дәулетті және беделді тұлғалар емес, сіздер секілді ақындар қалады. Сіз шыншыл, шынайы ақынсыз, өз еліңіздің патриотысыз. Сіз махаббат туралы көп жазасыз, басқа қазіргі заманғы ақындардың өлеңдерін басқалардан көбірек өзге тілдерге аударасыз. Деніңіз сау болсын, шығармашылығыңыз өрлей берсін, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Поэзия мерекесіне Башқұртстанның Халық ақыны Қадым Маралбай, Татарстанның көрнекті ақыны Рафиз Құрбан, өзбек ақыны Әбдірахим Пратов сынды алыс-жақын шет ел қаламгерлерінен бастап есімдері Алашқа танымал Серік Тұрғынбекұлы, Нұрлан Оразалин, Иран-Ғайып, Несіпбек Айтұлы, Көпен Әмірбек, Жүрсін Ерман, Серік Ақсұңқарұлы, Шәкизада Әбдікәрімов, Ертай Ашықбай, Қасымхан Бегман, Қазыбек Иса, Әміре Әрін,  Бақыт Беделхан, Маралтай Райымбекұлы, Мағиза Құнапия, Мақпал Мыса сынды басқа да ақын-жазушылар, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жыр оқыды.

Өздерінің өлең шығару шеберлігін жас ақындар да көрсете алды. Өз туындыларын оқи отыра олар тәжірибелі әріптестерінен кеңестер алды.

Ғалым Жайлыбай - «Құрмет» орденінің иегері және «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Жазушылар Одағының С.Есенин атындағы алтын медаль иегері. Ол 1958-ші жылы 9-шы ақпанда Қарағанды облысы жаңаарқа ауданының Жеңіс кентінде дүинеге келген. Бүгінгі таңда ақынның 20-ға жуық әндері және үш томдық туындылары бар. Олардың жартысынан көбісі 14 тілге аударылған.