Қазақстанда енді әкімдерді халық сайлайтын болады

Бөлісу:

Қазақстанда ауыл әкімдерін енді тұрғындардың өздері сайлайтын болады. Бұл туралы мәжіліс отырысында әділет министрі Марат Бекетаев «Сайлау» туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерді таныстыру барысында мәлімдеді.

«Ауыл басшылары халықтың дауыс беруі арқылы сайланатын болады. Олар төрт жыл мерзімге сайланады», – деді Бекетаев.

Бекетаевтың айтуынша, ауыл, кент, кент округтерінде әкімдерді сайлау шарасын өткізу жоспарланып отыр. Үміткерлерді аудан әкімдері ұсынады. Заңнамаға сәйкес, өзін үміткерлікке ұсыну қарастырылмаған.

«Қамшы»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. 77778273424 25 Мамыр, 2018 19:49 Жауап

    Бірінші жаңалық. Өзіне лайық əкімді жергілікті халық өзі таңдауы керек. Мүмкін сол кезде əкімдеріміз халықтың қалың көбірек ойлайтын болар.

Пікір немесе жауап жазу

үш × төрт =