"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Арман, бауырым, бекем бол, Алла сабыр берсін! 

 

 

 

 

 

КӨҢІЛ АЙТУ

 

 Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Партияның Орталық Кеңесінің хатшысы  Арман Нұрқалиев Сқабылұлына ұлы

Алмастың

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай.

 

КӨҢІЛ АЙТУ

Республикалық  «Қазақ үні» газеті мен  Qazaquni.kz  ұлттық порталы «Ақ жол» демократиялық партиясы  Орталық Кеңесінің хатшысы, белгілі журналист, газетіміздің тұрақты авторы  Арман Нұрқалиев Сқабылұлына  ұлы

Алмастың

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Марқұмның иманы саламат болып,  пейіште нұры шалқығай. Алла артында қалған отбасына ұзақ ғұмыр бергей!

 

 

Қабырғамыз қайысып, қайғыңызды бөлісеміз

 

Арман бауырым, бекем бол! Алла сабыр берсін!

«Баламның табанына кірген шөгір маңдайыма қадалсын»-деп, бар жақсылықты өзінен бұрын перзентіне тілеп жүретін ата-ана үшін бауыр еті -баласынан айрылу айтып жеткізе алмас ауыр қаза екені анық. Алла ісіне амал жоқ, өзі берді – өзі алды деп жұбатамыз. Жұбатамыз деп, жылатарымызды да біліп отырмыз. «Қайғыны бөліссе-азаяды» дегендей, қатар жүрген достарыңыздың бәрі қабырғамыз қайысып отырып, қайғыңызды бөлісеміз.. Қайғы арқалатқан Алла қайраты мен сабырын да бергей.

Қапияда бақилық болған ұлыңыздың Алла алдынан жарылқап, алды пейіш, арты кеніш болғай! Иманы саламат болып, жатқан жері жәннат болғай. «Орнында бар -оңалар» дегендей, артында қалған екі тұяғына, отбасына, өздеріңе, , туған-туыстарына құдай ұзақ ғұмыр берсін!

Қазыбек ИСА

 

 




Осыған ұқсас:

  1. Назарбаев ұшақ апатына байланысты Ресей президентіне көңіл айтты
  2. Лаңкестердің отбасыларына көңіл айту қажет пе?
  3. Елбасы Ердоғанға көңіл айтты


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.