Оғыз Доған. ҚАЗАҚ ең әуелі ҚАЗАҚША амандасуы керек. ҰЛТЫН СЫЙЛАУ ДЕГЕН ОСЫ!

5240
11
Бөлісу:

Қазақ халқы өзін сыйламайды, өздерін «сорлы, надан қазақ» деп жазады…

 

Расул Жұмалы 365info.kz сайтының «Неге солай» студиясына Қазақстандағы қазақ тілінің жанашыры Оғыз Доғанды алып келді.

«Қаным қазақ, қазаққа ғашықпын» деген түрік азаматы шешіліп сөйледі:

«Казком» оқиғасынан кейін ол ғана емес, басқа да қазақстандық банктерде игі өзгерістер болды. Бұл екі оқиғаны да мен алдын ала жоспарламадым. Барайын, камераға түсірейін деген ой болған да жоқ… Қазақ халқы өзін сыйламайды. Кейде мен ол үшін достарыма да қатты ренжимін. Өздерін өздері «сорлы қазақ», «надан қазақ» деп жазады. Мен достарыма осындай сөздерді жазғызбаймын. Қазақ бірінші өзін сыйлауға тиіс. Мысалы мен дүкенге барғанда дүкенші қазақ қызы маған орысша амандасады. Бірақ ол ұлтын сыйласа, ең алдымен қазақшалап «сәлеметсіз бе» деп амандасқаны жөн. Өйткені бұл сөзді барлық ұлт өкілдері түсінеді. Ал егер түсінбесе, содан кейін барып сол адамның тілінде қызмет көрсете берсін. Бірақ ең әуелі қазақша амандасуы керек. Ұлтын сыйлау деген осы» дейді Оғыз Доған.

matritca.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

      • zhanar 22 Мамыр, 2018 21:27 Жауап

        шыкпайды. акылмен истеу керек. Казир кайда телефон соксаныз да бари казакша амандасатын болыпты. Бул осы Огыздын шу шыгарганынан ау деп ойлап коямын. Бурын ондай жок еди. Жумыс бабымен коп желилерге телефон шаламын

  1. 77778273424 22 Мамыр, 2018 13:48 Жауап

    1 өзге ұлт өкілі отырса, 10 қазақ басқа тілде сөйлетін жағдайға жеттік қой. Өзге ұлт өкілі бізге тілімізді қалай құрметтеу керек екенін үйреттетін заман туады деп кім ойлаған.

    • zhanar 22 Мамыр, 2018 21:25 Жауап

      озге улт емес. Кеше кызымнын жиналысына бардым. Онда Костанай каласынын мемлеткеттик кызметкери Казак гимназиясында, казак ата-аналарга Орысша(!!!!) баяндама жасады. Мен неге орысша окып турсыз десем. Тил бостандыгы деп сандырактайды жане ата аналар тусинбейди дейди. Баримиз тан калдык. Осы мемлекеттик кызметкердин (ози казак) тилимизди корлап отырганы.(((

  2. gulmira_1986 23 Мамыр, 2018 10:17 Жауап

    дұрыс айтады бұл қазақ елі, қазақ жері, барынша қазақ тілді болуымыз керек, өз ана тілімізді барынша кұрметтеп сақтауымыз керек

  3. Алашбек 24 Мамыр, 2018 13:31 Жауап

    ОҒЫЗ ДОҒАН дұрыс айтып отыр. Біздің ұлт өзін-өзі қорлап «сорлы қазақ, жалқау қазақ т.б» халқымызды жаппай қаралап, күстаналайтын арам сөзді тию керек. Мен де осындай сөздерді естіген сайын жаным шырқыраушы еді. Осы жанайқайымды ОҒЫЗ ДОҒАН дөп басты. Сондықтан Анасының ақ сүтін арда емген ОҒЫЗДАЙ азаматтың ақжол ісіне риясыз ақ жүрегіммен алғыс айтамын! Анасын шексіз аялайтын азамат екенін Қазақ тілін қорғау арқылы дәлелдеп жүр. ОҒЫЗДАЙ ұлды өмірге әкелген Қазақтың анасына да алғысым шексіз! Әрбір Қазақ, немысың болса Оғыздай Доғандай болып Қазақ тіліне қызмет ет, қорға!

  4. Алашбек 24 Мамыр, 2018 13:32 Жауап

    ОҒЫЗ ДОҒАН дұрыс айтып отыр. Біздің ұлт өзін-өзі қорлап «сорлы қазақ, жалқау қазақ т.б» халқымызды жаппай қаралап, күстаналайтын арам сөзді тию керек. Мен де осындай сөздерді естіген сайын жаным шырқыраушы еді. Осы жанайқайымды ОҒЫЗ ДОҒАН дөп басты. Сондықтан Анасының ақ сүтін арда емген ОҒЫЗДАЙ азаматтың ақжол ісіне риясыз ақ жүрегіммен алғыс айтамын! Анасын шексіз аялайтын азамат екенін Қазақ тілін қорғау арқылы дәлелдеп жүр. ОҒЫЗДАЙ ұлды өмірге әкелген Қазақ анасына да алғысым шексіз!
    Әрбір Қазақ, намысың болса Оғыз Доғандай болып Қазақ тіліне қызмет ет, қорға!

Пікір немесе жауап жазу

20 − 19 =