Белгілі журналист, баспагер Нұрмахан Оразбекке - 80 жыл толды

Белгілі журналист, публицист және баспагер Нұрмахан Оразбектің туғанына 80 жыл. Айтулы датаға орай әл-Фраби атындағы кітапханада «Нұрмахан Оразбек - журналист-публицист және баспагер» деген республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды, - деп хабарлайды almaty.tv.

Шара аясында студенттік үздік жұмыстарға да байқау жарияланды. Қызметтес болған әріптестері мен туған-туыстары ол туралы естеліктерімен бөлісті. Бұдан бөлек, баспагердің кітабының тұсауы кесілді. Айта кетейік, көптеген басылымдардың редакторы, шет тілінде жарық көрген мақалаларды қазақ тіліне аударған публицист, «Қазақстан» баспасының директоры қызметтерін атқарған.  Нұрмахан Оразбек 2015-ші жылы 78 жасында өмірден озған еді.