Түркістанда терроризмді нәсихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды

ОҚО құқыққорғау органы діни радикализм идеясын аудио және видеожазбалар арқылы таратты деген күдікпен екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ОҚО ІІД және Түркістан қаласы мен Сайрам ауданының ҰҚК департаменттерімен бірлесіп, шұғыл-іздеу жұмыстарын жүргізді. Шара барысында 1990 жылы және 1995 жылы дүниеге келген 2 азамат діни радикализм идеясын аудио және видеожазба арқылы нәсихаттады деген күдікпен ұсталды», - деп хабарлады ведомстводан.
ОҚО ІІД терроризмді нәсихаттау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Департаменттің тергеу басқармасы қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.