Қан қызыл түске боялған Алматы өзенінің суы жұртты шошытты

Әлеуметтік желілерде Үлкен Алматы өзенінің суы қып-қызыл болып ағып жатқаны түсірілген видолар жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қолданушылар суы қою қызыл түске боялып ағып жатқан өзеннің видеосын бөлісуде. Бейнежазба бүгін, 20 мамырда жарық көрген. Әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімет түскен жоқ.