"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



«Серпін-2050» болашақ мамандықтарға даярлайды ма?

Бұл мақалада өндіріс пен еңбек саласындағы мамандардың жетіспеушілігіне байланысты өңірлердегі жұмыссыздық мәселесі, оның ішкі көші-қонға, байланысты қысқару үрдісі қарастырылады. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейі туралы статистикалық деректер және жоғары оқу орындарында білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар саны туралы деректер ұсынылған.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында ұлттық қасиеттерімізді сақтап, тіліміз бен ұлттық рухымызды болашақ ұрпақтарға аманат етіп тапсыру- ұлтың басты мұраты. ХХІ ғасырда ең әуелі ұлттық сана ашық болуы керек. Клаус Швабтың «Төртінші өнеркәсіптік революция» еңбегінде 4 түрлі интеллектті келтірген. Олар – адамның ақыл-ойы, сезімі, рухы және тәні. Осылардың бәрін біріктіре келе, ХХІ ғасырдағы тұлғаға қажетті қасиеттердің бәрін айтуға болар еді. 1

Ғылыми-техникалық прогрестен туындаған болашақ мамандықтар инновациялық, жасанды интеллект, ІТ саласымен пәнаралық бағытпен байланыстыратыны белгілі. Болашақта ауыр күш толық автоматизациялауға ұшырайтыны туралы көптеген болжаулар айтылып жатыр. Жасанды интелектпен қатар адамның қоғамдағы ой еңбегі де жоғары сұранысқа ие болады. Сондықтан болашақта жұмыссыздық мәселесінің күрделену қаупі де жоқ емес. Бұл – қоғам дамуынан туындаған заңды құбылыс.

Биылғы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің

төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқандығы, оның негізгі бағыттарының бірі адами капитал екендігі айтылды. Сонымен қатар, жастардың бәсекеге қабілетті маман болуы үшін өнеркәсіптік, әлеуметтік салалардың сұранысына жауап беретін2 жаңа негіздегі білім беру керектігі алға тартылды. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жаңарту жолында экономиканы цифрландыру «Цифрлы Қазақстан» жобасы керектігі мақсат етіп қойылды.

«Серпін-2050» жобасы бойынша техникалық, ауыл шаруашылық, педагогикалық, медициналық сияқты дәстүрлі мамандықтарға даярлауда. Жастарға білім-тәрбие беру жолындағы жаһандық өзгерістердің ағымына сай жүзеге асырылып жатыр ма? Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында «Серпін-2050» жобасы жастарды болашақ мамандықтарға даярлайды ма? Бүгінгі жағдайда бұл сұрақтардың туындауы өте орынды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арналған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» атты арнайы мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Жастарға арналған бағдарлама өңірлердегі жұмыссыздық мәселесін ішкі көші-қон есебінен азайтуды көздеген. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындары бар аймақтарға бару, әсіресе жастарға жол көрсетіп, үндеу қосып, мемлекеттік қолдау әдісіне айналды.

«Серпін» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасынан бастау алған. Тұтыну қоғамы түсінік-тұжырымдамасына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы елдегі жастардың еңбекке деген көзқарасына өз септігін тигізді. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бағдарламаға дәнекер болып, бұл бағытта республика көлемінде жұмыстар қолға алынды. Нарықтық экономиканың талап-міндеттеріне толық жауап беретін заманауи өндіріс орындары үшін, сондай-ақ Қазақстанда шикізаттық өндірістің орнын отандық өнімдер өндіретін кәсіпорындармен алмастыру үшін, яғни жаңа өндірістер мен

технологияларды игеру үшін еңбек нарығындағы жастарға кәсіби білім беріп, оқытып жұмылдыру маңызды болды.

«Серпін-2050» бағдарламасы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастарын еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарына тартуды көздейді. Бұл көші-қонның негізгі себебі – экономикалық. Бүгінгі күні еліміздің оңтүстік аймақтарында бала туу деңгейі жоғары, халық саны көп және тығыз шоғырланған, тұрғындар санының өсу қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Оның үстіне сырт жақтан көшіп келушілер саны артуда. Осы себептерге байланысты тұрғын үй, мектеп, балабақша, емхана, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандардың аз қамтылғаны байқалып, жастарға білім алуға оқуға түсу үшін мемлекеттік грантқа ие болу жылдан жылға бәсекелестіктің есебінен қиындай түсе бастады. Білім алған жас мамандар өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай, яғни жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің жоғарлау қаупі бар.

2017 жылғы деректер бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4 % құраған, бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда төмен. Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 25 % өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 75 % экономикалық белсенді жастардың ішінде жұмыспен қамтылған.3 Қазіргі кезде жастар арасындағы негізгі мәселелердің бірі – жұмыспен қамту. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешудегі мемлекеттің рөлі айрықша және еңбек нарығындағы алғашқы жұмыс орнымен қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі мәселесіне айналған міндет.

Еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерінде жағдай керісінше. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және басқа да аймақтарда бала туу деңгейі төмендей бастады. Сонымен бірге, бұл өңірлерден сыртқа көшу көбейіп жатыр. Басым бөлігі славян этностарының туған елдеріне көшу үрдісіне және қазақ жастарының жұмыс іздеп Оңтүстік Корея, Канада, Түркияға кетіп жатқанына байланысты өндіріс орындарында мамандар тапшы болып, еңбек күші қажет екендігі айқын байқалып жатыр. Халық тығыз орналасқан оңтүстік облыстардың тұрғындарын, әсіресе, жастарды солтүстік пен шығыс өңірлерге тарту, оларға мемлекеттік грант бойынша білім беріп, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік-тұрмыстық

мәселелерін түбегейлі шешу – «Серпін-2050» жобасының негізгі мақсаттарының бірі4.

Бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарында білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттарды иеленген жастар шәкіртақымен, жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта жоба аясында 26 жоғары оқу орындарында 12 мыңнан астам жастар білім алып отыр. 2014 жылдан бастап 13 мың мемлекеттік грант көлемінде техникалық мамандықтар (6,6 мың), педагогика (5 мың), ауыл шаруашылық (1000 жуық), денсаулық сақтау мен ветеренария (300) бөлінді. Яғни негізгі басымдық техникалық және адам капиталын дамытуға арналған мамандықтарға берілді. Алғашқы түлектер биыл оқуларын аяқтап, солтүстік және шығыс өңірлерде жұмыспен қамтылады.5

2014-2016 оқу жылдарында 12 462 білім гранты бөлінген, оның ішінде 9 212 жоғары оқу орындарында, 3 250 техникалық және кәсіби оқу орындарында. Жоба аясында 8 аймақтағы 54 колледж қатыстырылған және онда 2 847 оқушы білім алып жатыр. 2016-2017 оқу жылының байқау нәтижесінде 3 162 үміткер «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа ие болды.

Бүгінгі күні «Серпін-2050» бағдарламасының түлектеріне тәжірибелік практикадан өту мен алдағы жұмыспен қамту бойынша жағдайлар жасалуда. Дуалды білім беру шеңберінде 29 колледждерде 640 студенттердің 296 кәсіпорындар мен ұйымдармен әлеуметтік серіктестік орнатылып, келісім-шарттарға қол қойылды. Сонымен бірге «Серпін» жобасына орай мамандар даярлап жатқан жоғары оқу орындары мен ауыл шаруашылығы және өндірістік ұжымдары арасында өзара тығыз байланыс қалыптасқан. Білім ордаларында жастарға орыс тілі курстары ұйымдастырылған. Өйткені, қазақы орта мен қазақ мектептерін бітірген жастар үшін алғашқы уақытта тілдік курстардың қажет екені байқалды.

2017-2018 оқу жылында жоғары және кәсіби білім беру салаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғайған6 және келешекте оның саны ұлғаюына сенім мол. Себебі әлемдегі кең етек жайлаған Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің негізгі күші –

адам капиталы. Посткеңестік дәуірден кейінгі елдердің Батыс әлемінің донорына айналғаны үйреншікті құбылыс. Қазақстан да адам капиталын қалыптастыру лабораториясы болғанына тәуелсіздік уақытымен пара-пар. Саяси алаңдағы алып елдер өз саясаттарын адам ресурсына бағыттағанын көре отырып, сыртқы миграцияның күшеюіне себеп болуы мүмкін.

Үкімет тарапынан, оның ішінде жастар мәселесін шешудегі негізгі қағидаларының бірі білім көші-қонына еш тосқауыл қойылмай, бюджеттен қаржы бөлініп, білім алушы жастарға бағдарламалар іске асып жатыр. Жастар әлемдік озық білім, технологияларды, ойларды ғылыми негізде игеріп, алған білімдерін ел экономикасына пайдалана білуі шарт. Ел жастары мамандықтың шеңберінде қалып қоймай, дүниетанымы кең, ойлау қабілеті креативті жастарды тәрбиелеуіміз керек.

Қорыта келе «Серпін-2050» жобасы жастар мәселесіндегі ішкі көші-қон арқылы қазіргі жастардың балаңсалану (инфантилизм), патерналистік құлықтарына оң әсер тигізетініне үміт бар. «Серпін-2050» жобасы аясында білім алып жатқан жастардың жаңа өзгерістерден тыс қалмай, болашақ мамандықтарды игерумен шектелмеуі тиіс. Оларға мүмкіндіктер жасалып, өзін-өзі дамыту тетіктерін жетілдіру арқылы заманауи жаңа дағдылар қалыптастырған абзал.

Әдебиеттер (дереккөздер) тізімі:

1. Клаус Шваб. Төртінші өнеркәсіптік революция. /Klaus Martin Schwab. The Fourth Industrial Revolution. Crown Publishing Group, 2017. – 184 p.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-nazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-10-kantar

3. ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері

4. «Серпін» жобасымен мамандық алудың аясы кең», Ғалым Омархан, «Егемен Қазақстан» газеті, 15.08.2017 ж., https://egemen.kz/article/156880-serpin-zhobasymen-ma%C2%ADmandyq-aludynh-ayasy-kenh

5. «Қазақстан жастары – 2017» ұлттық баяндамасы, Астана: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, 2017. – 600 б.

6. ҚР БҒМ деректері.

Хамит А.Д., Тилеукулова А.М.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, Астана қаласы



Ілмектер:
серпін 2050

Осыған ұқсас:

  1. Сайрагүл Сауытбай: Тарихи отанымда өмір сүретін мүмкіндік берулеріңізді сұраймын
  2. Қазақстан үкіметі араб шейхтеріне Қызыл кітапқа енген құстарды атуға рұқсат берді
  3. Жасұлан ИСА: Қазақты өзге тілде сөйлеуге мәжбүрлеп жүрген өзіміз
  4. Кремль Қазақстандағы орыс тілді халықты зомбиға айналдырды
  5. Мемлекеттік шекараны бұзған Төреғалиге 12 мың теңге айыппұл салынды
  6. Сотта немересінің қазасына қатысты Олжас Сүлейменовтің хаты оқылды (видео)

Facebook арқылы пікір жазу



15 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:41

    Расыменде керемет бағдарламалардың бірі болып келеді. Жастардың білім алуына, маман атануына ұлесі зор.

  2. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:42

    Лучшее в этой программе то, что выпускник программы Серпин легко сможет трудоумстроиться по своей профессии

  3. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:43

    Без вопросов.Серпин реально помогает молодежи и приносит свои плоды

  4. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:44

    Классная программа, однозначно. Наконец подумали о детях. Ведь среди умной молодежи есть люди из необеспеченных семей

  5. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:44

    Надо распространить это уже на все учебные заведения. А то не порядок. Такая программа должна быть массовой.

  6. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:45

    «Серпін-2050» – это запланированная крупномасштабная миграция»

  7. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:45

    Подходит к концу первая пятилетка Государственной программы «Серпін-2050», благодаря которой сотни молодых казахстанцев уже получили дипломы и устроились на работу по специальности.

  8. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:46

    Современную молодежь в Казахстане отличают самостоятельность, практичность, мобильность, повышенная заинтересованность в получении качественного образования и профессиональной подготовки.

  9. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:47

    К сожалению, далеко не всегда это самое образование является гарантией трудоустройства в силу отсутствия необходимой квалификации и опыта работы. Оно выступает все чаще в роли социально обязательного условия. А потому неудивительно, что многие молодые казахстанцы задумываются о миграции.

  10. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:47

    Причем программа охватывает молодых граждан из конкретных областей – Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Южно-Казахстанской и Мангистауской, предоставляя им возможность получить бесплатное направление на обучение в учебных заведениях Восточно-Казахстанской, Северо-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Павлодарской, Костанайской, Актюбинской и Акмолинской областей.

  11. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:48

    Проще говоря, правительство предлагает молодым казахстанцам юга переехать в другие регионы республики, причем не только для учебы, но и с последующим трудоустройством на месте. К тому же программа предусматривает вопросы медицинского обслуживания, проезда студентов и другие условия.

  12. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:49

    Как мы видим, «Серпін-2050» достаточно масштабный социальный проект, который действительно отвечает существующим запросам в молодежной среде. К тому же он входит в число приоритетных задач Стратегии-2050, а это говорит о том, что руководство страны придает ему огромную значимость.

  13. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:49

    Думаю, пришло время вынести на обсуждение вопросы обеспечения жильем выпускников программы. Ведь нередки случаи, когда они вынуждены после окончания учебы возвращаться в родные края, потому как не могут потянуть покупку или съем квартиры. Лишь в некоторых регионах молодых людей обеспечивают общежитиями. И это, на мой взгляд, хорошее решение. Если бы оно еще носило системный, повсеместный характер, то это бы в разы повысило эффективность программы.

  14. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:50

    Понятно, что проблемы молодежи есть везде, даже в развитых странах. Другое дело, насколько ответственно правительства подходят к их решению. Одной из самых успешных по праву считается европейская молодежная политика, которой уделяется первостепенное значение даже во время кризисов. Как декларировал Европейский комитет, дестабилизирующий эффект из-за безработицы среди молодежи чреват не только социальной изоляцией, бедностью, но в будущем может сказаться на национальной экономике и экономике стран ЕС в целом.

  15. Көкжал 18 Қыркүйек, 2018, 13:52

    Считаю, что в процессе подготовки специалистов упор нужно сделать, прежде всего, на обеспечении необходимого взаимодействия рынка образовательных услуг и рынка труда. Следует создать эффективные методики привлечения работодателей к участию в программах содействия молодежному трудоустройству, разработать меры поощрения предпринимателей, которые создают новые рабочие места. Решением здесь также может выступить заказ предприятий, которые набирают сотрудников из числа выпускников вузов.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.