Айша Бибі мазарына кіру ақылы болғаны үшін жұрт шу шығарды (ВИДЕО)

Таразда Айша Бибі мазарына кіруді ақылы қылғаны үшін тұрғындар шу шығарды. Өйткені осыған дейін ол жерде зиярат ету тегін болып келген.

Өзін әскери әуе саласында қызмет етіп, зейнетке шыққанмын деп таныстырған әйел айғайға басып, мавзолейдің қызметкерлерін жағадан алды. Зиярат жасауға келген өзге тұрғындар оны қолдай кеткен. Ал, болған жайтты куәгерлердің бірі бейнекамерасына түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратты, - деп хабарлады sn.kz. «О заманда бұ заман, әулиенің жеріне кіру ақылы болған емес. Ұят қой бұл. Нұрсұлтан Назарбаевқа осы жайтты баяндап, үндеу жолдаймын», - дейді зейнеткер Ақбота Құрманбекова. Айша Бибінің мазарына көп жылдан кейін келіп тұрған зейнеткер оған кіру ақылы дегенді естігенде таң қалыпты. Тегін етпесе ол мазар басшылығын сотқа беремін деп отыр. Ал кесененің әкімшілігі болса қала әкімшілігінен осындай тапсырма келгенін айтты.