Келісімге келу қиындап бара жатыр - Назарбаев әлемдік шиеленістер жайлы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі тұрақсыз жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл форум осымен 11-ші рет әлемдік экономикадағы, инвестициядағы және инновациядағы ең маңызды мәселелерді талқылайтын алаңға айналып отыр. Былтыр өткен форумда біз әлемдегі ірі өзгерістерге куә болдық. Жаңа текетірестер, конфронтациялар. Келісімге келу қиындап бара жатыр. Бұл әлем бойынша ең қиын уақыт болып тұр. Сондықтан осы қиындықтарға қатысты мәселелерді объектив талқылау өте маңызды. Бұл бар адамзат үшін маңызды. Осыған байланысты осы форум жаһандық проблемаларға тиімді жауаптар табуға бағытталды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы экономикалық форум барысында.

"Қайшылықтар мен даулар үнемі болып тұрады. Бірақ бүгінде шиеленісушілік одан әрі үдеп барады. Ол дегеніміз біздің өркениет өзгеріп жатыр дегенді білдіреді. Мұндай трансформациялар тарихта көп болды", - деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бүгінде уақыттың өте тығыз екенін айтып өтті. "Әлем адам ойлап көрмеген жылдамдықпен өзгеріп жатыр. (....) Болып жатқан процестерді объектив деп айтуға болады, мұның барлығы жаһандық өзгерістермен байланысты", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Астанада экономикалық форум өтіп жатыр.