Оразаның адам ағзасына пайдасы. Медицина не дейді?-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Оразаның адам ағзасына пайдасы. Медицина не дейді?

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіту тек рухани тұрғыдан ғана емес, адамның денсаулығына да үлкен пайдасы бар. Бұл туралы ғалымдар да арнайы мәлімдеме жасап, 365 күн бойы тамақ ішетін адамға жылына 30  күн ораза тұту дұрыс деп таныды.

Сондықтан да сіз ораза арқылы өз денсаулығыңызды да оңалта аласыз. Әлемде көптеген адамдарда бел алып келе жатқан қант ауруын емдеу үшін дәрігерлер 10-15 күндей ораза ұстауды кеңес етеді екен. Бұл дегеніміз, медицинаның өзі оразаны дурыс коруде деген соз. Бұл уақытта сіз ұйқы безінің демалуына көмектесесіз.

Оразада адамның ішкі мүшелеріндегі майлар еріп, метаболизимді жақсартады екен. Біз күніне 14-15 сағатқа жуық тамак ішуден тыйылатындықтан да, адам ағзасында керек емес жасушалар жою процессі іске аса бастайтын болады. Сондай-ақ, артық ет пен май мөлшері де жойылады.

Француз биологы, ішкі ағзалар бойынша білікті дәрігер болған, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген еңбегінде былай дейді: «Адамдар барлық ғасырларда ораза тұтқан. Сондай-ақ барлық діндер тамақ-судан тыйылып ауыз бекітуге шақырып келген. Адам ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан әлсіздік сезінеді. Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл сыртқы болып жатқан жағдайлар, бірақ ішкі организмде құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ. Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге терінің астында сақталған майлар да қимылдап ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық организм өзіндегі сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды. Бұл – болашақта адам организмінің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз етеді».

Әрине, оразаның алғашқы күндері аштық қаттырақ сезілуі мүмкін.  Алайда, адамның есте сақтау қабілеті артатын болады. Бастапқы да бас айналу, ауыздан жағымсы иістің шығуы да болады. Бірақ, уақыт өте ағзаңыздың өзі аштыққа үйрене бастайды.

Есте сақтайтын нәрсе, ауыз ашқан соң бірден майлы, асқазанға ауыр тағамдарды жеуден аулақ болыңыз. Бұл дегеніміз сіз өз денсаулығыңызға зиян келтіретін боласыз. Алла елшісі (с.а.с) ауыз ашар кезде тек бірнеше құрмалардан дәм тартып, аз ғана су ішіп ақшам намазына тұратын. Бізде осы әдетті үлгі ете отырып, ағзамызды аз тамақтануға және барынша құнарлы ас жеуге қарай дағдыландыру керекпіз.

Көптеген ғалымдардың айтуынша, ауыз бекіту арқылы денедегі май құрамы азаюмен қатар, холестерин мөлшері де бәсеңдей түседі екен. Бұл дегеніміз қанның қоюлануының алдын алады. Сонымен қатар, сіздің ағзаңыз пайдаланып жүрген түрлі химиялық қоспалар бар тағамдардың басым көпшілігі улы заттарға толы. Ал ораза уақытында сіз осы улы заттардан арыла отырып, жасулар жаңарып, жаңа қуат пен күш алатын боласыз.

Барша адам мұқтаж болып жүрген медициналық диета арқылы сіз өмір жасыңызды ұзартып, рухани тұрғыдан тазарып, мұсылманның бес  парызының бірін атқаратын боласыз.

Әзірлеген Көгершін Тілеген

Abai.kz




Осыған ұқсас:

  1. ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.