Қытай ораза ұстауға тыйым салып, мұсылмандарға шошқа етін жегізіп жатыр-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қытай ораза ұстауға тыйым салып, мұсылмандарға шошқа етін жегізіп жатыр

Көршілес Қытай еліндегі мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қысымдар жайлы сан мәрте айтылып та, жазылып та жүр. Жергілікті баспасөз басылымдарымен қатар, әлемдік БАҚ-тар да бұл тақырыптарға бірнеше мақалаларын арқау етті. Бірақ одан Қытайдағы мұсылмандардың жағдайы жақсарып кетті деп айта алмаймыз деп жазады Arhar.kz.

Бірнеше жыл қатарынан Қытай билігі мұсылмандардың діни жоралғыларын ұстануға кедергі жасап, түрлі заңдармен тыйым салуда. Осыған дейін мешіттерді бұзып, қасиетті Құранды өртеген орталық билік, міне бес жыл қатарынан Рамазан Айында қысымның небір түрін арттыруда. Олар мұсылмандар Ораза ұстамауы үшін түрлі құйтырқылыққа баруда.

Атап айтатын болсақ, олар Рамазан айында арнайы жалпыға ортақ түскі ас ішуді міндеттеген. Түскі ас ішуден бас тартқан жан жауапкершілікке тартылып, тіпті «тәрбиелеу лагерьлеріне» де аттандырылмақ. Түскі асқа сонымен қатар Ислам дінінде харам саналатын шошқа еті қосылып, сусын ретінде алкогольді ішімдіктер қойылмақ. Мұндай тәжірибе 2015  жылдан бастап жүзеге асуда. Бұл ақпараттарды Халықаралық діни бостандық жөніндегі Комиссия (USCIRF) өкілдері хабарлады. Ал Халықаралық Ұйғыр Конгрессінің мүшелері, таңғы уақытта «билік үшін» деген ұранмен бір стакан ішімдік ішу де бірнеше жыл қатарынан жүзеге асуда екенін хабардар етті. «Аталмыш қысымдардың барлығы мұсылмандардың діни бостандығына кедергі келтіріп, оларды түрлі күйзелістерге тап қылуда. Мысалы жасырын түрде Ораза ұстау мен Құран оқу әдетке айналған», — дейді Конгресс зертттеушісі Акбар Ахланди. Қысымдар СУАР аймағында аса қарқынды түрде жүруде дейді олар.




Осыған ұқсас:

  1. Европа адам құқықтарын қорғау ұйымы Елбасынан Сайрагүл Сауытбайға араша сұрады
  2. Министр: Қытай 625 этникалық қазақ үшін шектеуді тоқтатуы мүмкін
  3. Қазақтар Астанадағы Қытай консулдығының алдына жиналып, қамаудағы туыстарын босатуды талап етті
  4. Қытайда 9 ай мырзақамақта болған ҚР азаматы Үйсін Бабан елге оралды
  5. ҚЫТАЙ ҚАМАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ АРАША СҰРАЙДЫ
  6. Қытайда із-түссіз жоғалып кеткен ақынның туыстары көмек сұрайды

Facebook арқылы пікір жазу



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. user00 17 Мамыр, 2018, 08:44

    Қытайдағы қаракөз қандастарымыздың бес парыздың бірі оразаны ұстай алмай отырғаны кәдімгідей қабырғамызды қайыстырып барады… Қандай да бір шара қолдану керек қой,,,

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.