"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазақстандық кəсіпкер белгілі қазақ ақынына Астананың төрінен пəтер алып берді

Қазақстандық бейтаныс кәсіпкер танымал қазақ ақыны Серік Сейітманға Астананың дәл төрінен пәтер алып берді.

Бұл туралы қазақстандық ақын Талант Арғынғали Facebook парақшасында сүйінші сұрап жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Сүйінші! Серік Сейітман бауырымыз үйлі болды! Ақынның өнеріне бас иген кəсіпкер азамат Серікке Астана қаласының орталығынан пəтер сыйлады. Бұл қуанышты жаңалықты өзінің атын жұртқа жарияламауды өтінген атымтай жомарт кеш соңындағы дастарқан басында мəлімдеді. Серік досым бұған дейін жатақханада тұрып келген болатын. Ал енді қоныс той құтты болсын дейміз!»,- деп жазды қазақ ақыны Талант Арғынғали Facebook парақшасында.

Ақынның бұл қуанышты жаңалығын естіген желі қолданушылар қазақстандық кәсіпкердің жомарттығына тамсанып, үй үйесін құттықтады.

«Қуаныштымыз, құтты болсын! Өнерін, ақынын ұлықтаған азаматтарға Алла разы болсын! Қуанышыңа ортақпын, іші жанға, сырты малға толсын. Қандай керемет қуаныш. Ұзағынан болғай. Атымтай жомарттар көп болсын. Кім болса да Секеңе баспана сыйлаған көреген адам екен. Серік Сейітман жақсылыққа лайық азамат.Құтты болсын»,- деген құттықтаулар келіпті.

«Кеше ерім дейтін ел бар екеніне куə болдық кеше. Құтты болсын Секе! Кезінде Мұқағали ақын “Мына халық тым құрыса ақынының жағдайын ойламайды ма екен” деп Д. Қонаев ағамызға хат жазған болатын. Сол сияқты ақынын ардақ тұтқан ерлердің бар екеніне қуанып отырмын. Қандай керемет!»,- деген пікірлер қалдырып, құттықтаған.



Ілмектер:
Серік СЕЙІТМАН

Осыған ұқсас:

  1. Шоу-бизнес көркемөнердің тұнығын лайлап, саудаға салып бітті – Серік Сейітман
  2. АДАСҚАН БАУЫРҒА

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.